Судьяларға қарсы арнаулы іс-шаралар Бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізілмек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Судьяларға қарсы арнаулы іс-шараларды Бас прокурордың санкциясымен ғана жүргізу ұсынылады. Бұл туралы сенатор Андрей Лукин айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бүгінде құқық қорғау органдарында судьяларға ықпал етудің өзіндік құралдары бар. Олар қылмыстық іссіз кез келген судьяға қарсы арнаулы жедел іздестіру іс-шарасын жүргізуге құқылы. Тек облыс прокурорының санкциясын алса жеткілікті. Сол сәттен бастап күштік орган судьяны тыңдай алады, ол туралы және жеке өмірі жайлы мәліметтер жинай алады. Сондықтан судьяларда олардан қорқуға негіз бар», - деді Андрей Лукин Сенаттың жалпы отырысында «ҚР-ның сот жүйесі және соттардың мәртебесі туралы» заң жобасын таныстыра келе.

Оның атап өтуінше, заң жобасын Сенатта талқылау нәтижесінде судьяларға қатысты арнаулы жедел іздестіру іс-шарасын тек Бас прокуратура ғана санциялайды деп айқындалған.

«Сондықтанда бұл кепілді Конституциялық заң деңгейінде бекіту ұсынылып отыр. Бұл судьялардың тәуелсіздігін нығайтады», - деді сенатор.


Соңғы жаңалықтар