Судьяларды рейдерлік мақсатта пайдаланады - Жақып Асанов

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Судьяларды өзгенің бизнесін рейдерлік басып алу үшін жиі пайдаланады. Бұл туралы бүгін  республикалық судьялардың кеңейтілген кеңесінде  ҚР Жоғарғы сотының төрағасы Жақып Асанов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мәселен, оның айтуынша, Алматыда бір компания 600 млн теңгеге мұнай сатқан. Өнімді жеткізу мерзімі 9 ай деп белгіленген. Дегенмен, сатып алушы белгіленген мерзімді күтпестен сотқа жүгініп, 600 млн теңгені қайтару және шығынды өтеу туралы талап түсірген. Бұған қоса, сарапшы шығынның көлемін 6 млрд теңге деп бағалаған. Алматы соты сатып алушының барлық талабын қанағаттандырған. Ал Ақмола облысында бір фирманың екінші фирманың алдында 10 млн теңге қарызы болған. Сот аталған фирманы банкрот деп таныған. Алайда оның миллиард теңгелік активі бар. 

«Түрлі қателіктер болатындығын түсінемін. Заңды дұрыс қолданбау да болып жатады. Дегенмен, дәл осындай сызбаларда, өзгенің бизнесін басып алудың рейдерлік сызбаларда бізді пайдалану - бұл қылмыс. Әріптестер мұндай болмайды. Бизнес өкілдеріне де жүгінгім келеді. Біз таяу аралықта Жоғарғы сотқа қалай жүгінуге болатындығы туралы нұсқаулық жасаймыз», - деді ол.

Жоғарғы сот төрағасының айтуынша, күніне 5-6 кітапқа жүк боларлық 150-дей өтініш түсіп жатады.

«Сіздерге айтайын, мен оларды оқимын деп уәде бере алмаймын. Мұнымен толықтай айналыссам да ол мүмкін емес. Сондықтан біз кәсіпкерлік секторға өтінішті 1 бетке қалай дұрыс жазу керектігін үйрететін боламыз», - деді Жақып Асанов.

Соңғы жаңалықтар