+7 (701) 759 90 19
USD 377.09 EUR 407.37
RUB 5.93 CNY 53.95
Jańalyqtar

Судьялар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет - Елбасы

2020 жылғы 29 қаңтар 16:52
Бөлісіңіз:
Судьялар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет - Елбасы

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қазақстанның Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы Талғат Донақовты қабылдады, деп хабарлайды Elbasy.kz.

Ұқсас жаңалықтар
Елбасы Асқар Маминді қабылдады Қарапайым адамдармен дұрыс диалог жүргізу қажет - Нұрсұлтан Назарбаев Коронавирус салдары әлемдік экономикаға әсер етпей қоймайды - сарапшы

Кездесу барысында Нұрсұлтан Назарбаевқа еліміздің сот жүйесін реформалау және Ұлт жоспарындағы сот кадрларын іріктеу және дайындау бойынша шараларды жүзеге асыру жөнінде ақпарат берілді.

– Жоғары Сот Кеңесі сот мамандарын іріктеуді іске асырады. Бұл жұмыс объективті болуы керек. Судьялар нақты конкурсқа сәйкес іріктеуден өтуге тиіс. Олар білімді, адал болуы, адамдармен жұмыс істей білуі қажет, - деді Елбасы.

Өз кезегінде Талғат Донақов судьяларды іріктеуде ашықтықты қамтамасыз ету үшін қабылданған шаралар туралы айтып берді.

– Жағдай өзгеріп жатыр. Судьяларға деген сенім артып келеді. Жұмыс барынша объективті және ашық жүргізілуде. Арнайы конкурстық комиссия құрылды. Оған судьялармен бірге заң қауымдастығы өкілдері, HR-мамандар, тәуелсіз сарапшылар кірді. Қазіргі таңда соттарға баратын кадрлардың дайындығы жоғары, жауапкершілі мол, - деді Жоғары Сот Кеңесінің төрағасы.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT