Судья мен адвокат сот отырысы кезінде жаға жыртысты - ВИДЕО

None
None
АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - АҚШ-тың Флорида штатында сот отырысы кезінде адвокат пен судья өзара жаға жыртысып қалды. Бұл туралы Metro хабарлады.

Заңгерлер арасындағы дау-жанжал бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

Камерадағы бейнетаспаға сәйкес, қорғаушы Эндрю Вайншток мінберде сөйлеп тұрған куәгердің сөзін тоқтатуға тырысқан. Адвокаттың бұл қылығын жарата қоймаған судья Джон Мерфи ашуға булығып: «Қолымда тас болса, сізге ойланбастан лақтырар едім. Ашуыма тимей, орныңызға отырыңыз»,- деп ескерткен.

Мұндай шабуылды күтпеген қорғаушы Вайншток: «Мен мемлекеттік құқыққорғаушы болған соң, осы жерде тұруға құқығым бар», - деген.

Судья Мерфи: «Олай болса, сыртта сөйлесейік», - дейді.

«Жігіттерше сөйлесуді ұйғарған» екеуі бір-біріне қол жұмсап, жаға жыртысуға дейін барған. Аталған оқиға туралы Флорида штатының адвокаттар алқасы да құлақтанды. Ендігі кезекте қызбалығы үшін адвокат та, судья да жауап беретін болады.

Айта кетерлігі, олардың жанжалы Youtube-та 90 мың қаралым жинап үлгерді.

Соңғы жаңалықтар