07.06.2023 08:16 Ауылда қызметкеріне үй салып берген жұмыс берушінің шығынын Индустрия министрлігі субсидиялайды АСТАНА. ҚазАқпарат – «Индустрия және инфроқұрылымдық даму министрлігінің кейбір мәселелері туралы» Үкімет қаулысы ашық талқыға шығарылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
02.06.2023 15:17 2023 жылы Маңғыстауда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлінді АСТАНА. ҚазАқпарат - Маңғыстауда ауыл шаруашылығы саласын субсидиялауға 1,9 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифинг барысында Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев мәлімдеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
27.05.2023 14:43 Фермерлер тыңайтқыш сатып алу мақсатында 7,5 млрд теңге субсидия алды АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық фермерлер бүгінгі күнге дейін тыңайтқыштарды субсидиялауға 13 251 өтінім берді, деп хабарлайды қазАқпарат АШМ-ге сілтеме жасап.
24.05.2023 13:17 Ерлан Саиров фермерлерге субсидия бөлудегі кемшіліктерді атады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров фермерлерге субсидия бөлу саласындағы кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
18.05.2023 12:58 Ақтөбеде мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ малға заңсыз субсидия алған АҚТӨБЕ. ҚазАқпарат - Ақтөбе облысында аудандық мәслихат депутаты шын мәнінде жоқ малға заңсыз субсидия алған, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
17.05.2023 12:21 Биыл фермерлер сатып алатын техниканы субсидиялауға 81 млрд теңге бөлінеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Биыл фермерлер сатып алатын техникаларды субсидиялауға 81 млрд теңге бөлінеді. Бұл жайында Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында айтылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
17.05.2023 10:16 АШМ субсидияларды қаржы ұйымдарына тікелей аударудың тәуекелдерін атады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев Мәжіліс депутаттарының сауалына берген жауабында саладағы субсидияларды қаржы ұйымдарына тікелей аударудың тәуекелдерін атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
16.05.2023 14:38 Алматы облысында құс өсірушілер субсидия ала алмай, Антикорға шағымданды ҚОНАЕВ.ҚазАқпарат - Алматы облысының кәсіпкері 2022 жылдан бастап құс етін өндіргені үшін берілуге міндетті 180 млн теңге көлемінде субсидия ала алмады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
15.05.2023 15:40 Фермерлердің атынан субсидия алып келгендер әшкереленді АСТАНА. ҚазАқпарат – Фермерлердің атынан субсидия алып келген адамдар тобы әшкереленіп, қылмыстық іс тергеліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат Қаржылық мониторинг агенттігіне (ҚМА) сілтеме жасап.
12.05.2023 19:34 Түркістандық шаруалардың проблемасын шешуге депутаттар атсалысатын болды ТҮРКІСТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Түркістан облысында Мәжілістің аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің көшпелі отырысы өтті. Комитет төрағасы Серік Егізбаевтың жетекшілігімен өткен басқосуда еліміздегі көкөніс шаруашылығының қазіргі жағдайы мен даму болашағы, суармалы егіншілік мәселелері талқыланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
05.05.2023 11:06 Жүн өңдейтін кәсіпорын салуға 217 млн теңгеге дейін субсидия беріледі АСТАНА. ҚазАқпарат – Жүн өңдеу кәсіпорындарының құрылысына кеткен шығынды инвестициялайтын қаражат көлемі 868 млн теңгеден аспауы керек. Мемлекет соның 25 пайызына субсидия береді. «Мемлекеттік сатып алу туралы» заң жобасына осындай өзгеріс енгізілмекші, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
25.04.2023 11:41 Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау жүйесін реформалау аяқталды - АШМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіп кешенін субсидиялау жүйесін реформалау аяқталды. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
21.04.2023 20:31 Елімізде фермерлерге субсидия бөлу саласында қандай өзгерістер болады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы вице-министрі Рүстем Құрманов фермерлерді қолдау саласында қандай өзгерістер болатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
20.04.2023 13:55 Депутат қаржы институттарына субсидияланатын қаражатты тікелей аударуды сұрады АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Мәжілістің жалпы отырысында Қазыбек Әлішев фермерлерге субсидия бөлу мәселесіндегі кемшіліктерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.04.2023 14:00 Фермерлерге субсидия бөлу жүйесі жетілдіріледі – Әлихан Смайылов АСТАНА. ҚазАқпарат – Агроөнеркәсіп кешенін дамыту аясында 300-ге жуық жоба жүзеге асырылып жатыр. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Үкімет басшысы Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.04.2023 11:38 Қасым-Жомарт Тоқаев: Кейбір пысықайлар алған субсидияны қалтаға басып келген АСТАНА. ҚазАқпарат – 2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны 10 пайыз өндіруші ғана алған. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген кеңесінде осындай мәлімет келтірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
19.04.2023 11:31 Президент: Қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны АСТАНА. ҚазАқпарат – Субсидия беру жүйесі өте күрделі. Бұл туралы елдің әлеуметтік-экономикалық мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.04.2023 22:17 Qoldau.kz арқылы рәсімделген субсидиялар бойынша 26 млрд теңге қарыз бар – АШМ АСТАНА. ҚазАқпарат – Qoldau.kz платформасы арқылы рәсімделген субсидиялар бойынша 26 млрд теңге қарыз анықталды. Бүгінде оның жартысы жабылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.04.2023 16:57 Ауыл шаруашылығын субсидиялау: әлеуметтік желі чаттары құрылды АСТАНА. ҚазАқпарат – Елімізде ауыл шаруашылығы саласын субсидиялау мәселелеріне қатысты әлеуметтік желіде жұмыс чаттары құрылып, одан бөлек «бір терезе» қызметі іске қосылды. Бұл туралы Ауыл шаруашылығы министрінің орынбасары Бағлан Бекбауов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
12.04.2023 16:21 Фермерлердің 90%-ы gosagro.kz жүйесі арқылы тиісті төлемдерді ала алмады – депутат АСТАНА. ҚазАқпарат – Ауыл шаруашылығы министрлігінің жетілмеген жүйені іске қосып, жауапсыз шешімі салдарынан ел ауқымында 40 мыңнан астам шаруа зардап шегуі мүмкін. Аталған мәселені Мәжіліс депутаты Айдарбек Ходжаназаров көтерді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.