USD 435.1 EUR 493.27
RUB 5.69 CNY 68.63
Jańalyqtar

Субсидия алушылардың жауапкершіліктері болмай тұр – Ербол Қарашөкеев

2021 жылғы 3 желтоқсан 11:28
Бөлісіңіз:
Субсидия алушылардың жауапкершіліктері болмай тұр – Ербол Қарашөкеев

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Аграрлық саладағы оқу орындарында білім беру бағдарламаларын жаңарту маңызды. Бүгін Сенаттағы парламенттік тыңдауда Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатор әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды күшейтуді ұсынды Андрей Лукин діни экстремизммен күрес шараларын ұсынды Сенатор жұмыссыздық туралы деректерге сенімсіздік танытты

«Аграрлық ғылымның және ауыл шаруашылығы үшін кадрлар даярлаудың жай-күйі жетілдіруді қажет етеді. Отандық ғалымдардың ғылыми әзірлемелерін өндіріске енгізуде және оларды коммерцияландыруда кемістіктер аз емес. Сондай-ақ білімді таратудың нақты жүйесін қалыптасыруымыз қажет. Оқу орындарындағы білім беру бағдарламаларын жаңарту маңызды», - деді Е. Қарашөкеев «Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбына арналған парламенттік тыңдауда.

Оның айтуынша, саланы мемлекеттік қолдау мәселелерінде де елеулі кемшіліктер бар. Ең алдымен, бұл субсидиялау тетіктерінің күрделілігі, субсидия алудың шарттарының көптігі. Сонымен қатар субсидиялар негізінен ірі бизнес субъектілеріне және де технологиялық процестерді қолдауға бағытталған.

«Осындай олқылықтар мен нақты индикативтік көрсеткіштердің болмауы, сондай-ақ субсидия алушылардың жауапкершіліктерінің жоқтығы жемқорлыққа жол ашып отырғаны бүгінгі күні баршаға мәлім», - деді министр.

Бұдан бұрын хабарланғандай, Ербол Қарашөкеев саладағы негізгі проблемаларды айтты.



Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT