Суармалы жерден 4 есе мол жем-шөп алуға болады – Павлодар облысының әкімі

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Павлодар облысында сүт өндіру көлемін 43 мың тоннаға арттыратын тағы 8 тауарлық-сүт фермасы салынады. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында Павлодар облысының әкімі Әбілқайыр Сқақов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Павлолдар облысында мал шаруашылығы қарқынды дамып келеді. 2 жыл ішінде облыста ірі қара мал саны - 12, жылқы - 22, ұсақ мал 14 пайызға өсті. Сондай-ақ ет өндірісі - 5, сүт өндірісі - 7 процент артып, жұмыртқа өндірісі жылына 75 млн данаға дейін ұлғайды. Соңғы 2 жылда өңірде тауарлық-сүт фермалары қарқынды дамып келеді. Мәселен, облыстағы 36 тауарлық-сүт ферманың 13-і немесе әрбір үшінші ферма соңғы 2 жылда салынды. Нәтижесінде сүт өндірісі 38 мың тоннаға артты. Инвестиция көлемі 43 млрд теңгені құрады. Қосымша тағы 8 тауарлық-сүт фермасын салу жоспарланған. Олар сүт өндіру көлемін тағы 43 мың тоннаға арттыруға және асыл тұқымды мал басын 10 мыңға ұлғайтуға мүмкіндік береді. Қосымша инвестиция көлемі - 37 млрд теңге», - деді өңір басшысы.

Оның атап өтуінше, мал шаруашылығын дамытуда негізгі факторлардың бірі – ол жем-шөп базасы.

«Бұл мәселе Павлодар облысында суармалы жерлерді пайдалануға беру арқылы шешіліп жатыр. Атап айтқанда, 2 жылдың ішінде 11 гектар суармалы жер пайдалануға берілсе, оның 3,5 мың гектары немесе 35 пайызы мал шаруашылығына арналған жем-шөп базасын дайындауға бағытталған. Мәселен, 1 200 басқа арналған ферманы жем-шөппен қамтамасыз ету үшін 676 гектар суармалы жер қажет. Ал суарылмайтын алқаптар жағдайында осыған 2 900 гектар жер керек. Яғни, суармалы жерлердің тиімділігі 4,5 есе артық. Соған орай суармалы жерлердің жем-шөп өнімділігі 4,5 есе жоғары. Атап айтқанда, суарылмайтын 1 гектар жерден алынатын өнім құны 300 мың теңге ғана болса, суармалы жерден алынатын өнімділік 1,3 млн теңгені құрайды. Бұл 4,3 есеге көп», - деді Әбілқайыр Сқақов.


Соңғы жаңалықтар