+7 (701) 759 90 19
USD 424.99 EUR 504.21
RUB 5.81 CNY 65.66
Jańalyqtar

Суармалы су тапшы: ШҚО-да қираған бөгет қалпына келтірілуде

2021 жылғы 23 маусым 22:54
Бөлісіңіз:
Суармалы су тапшы: ШҚО-да қираған бөгет қалпына келтірілуде

ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданында қираған бөгет қалпына келтірілуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Үндістанда алапат су тасқынынан жүздеген адам мерт болды Бельгиядағы су тасқынынан келтірілген залал 10 млрд еуродан асады Қытайда нөсер жаңбыр салдарынан 12 адам қайтыс болды

ҚР Экология, геология және және табиғи ресурстар министрлігінің мәліметіне сүйенсек, Күршім ауданындағы Күршім өзенінде су тасқыны салдарынан Жауғашты каналын сумен қамтамасыз етіп отырған бөгет қираған.

«Бөгет 2016 жылдан бері «Қазсушар» РМК филиалының балансында тұр. Бұрын коммуналдық меншікте болған. 9 маусым күні Күршім өзенінде су тасқыны болған соң су деңгейі төмендеп, шаруалар суармалы судың жетіспеушілігін сезініп отыр«, - делінген хабарламада.

Бүгінгі таңда «Қазсушар» РМК Шығыс Қазақстан облыстық филиалы бөгетті қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. «Қазсушар» РМК орталық аппаратынан жергілікті жердегі жұмыстарды үйлестіру үшін мамандар мен қосымша техника жіберілді.

Жоспар бойынша қалпына келтіру жұмыстары 24 маусымда аяқталмақ


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Талғатжан Мұхаметбекұлы

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT