Суармалы егістік шаруашылықтарының тиімділігін арттыру үшін шаруаларға мемлекеттік қолдау қажет

None
None
АСТАНА. Қарашаның 5-і. ҚазАқпарат /Марлан Жиембай/ - Суармалы егістік шаруашылықтарының тиімділігін арттыру үшін шаруаларға мемлекеттік қолдау қажет.

 Бүгін елордада өткен «2030 жылға дейінгі кезеңде Қазақстан Республикасының ауыл шаруашылығында бейімделу  шараларын  әзірлеу және су ресурстарының қысқаруына климаттың әсері» атты дөңгелек үстел барысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Әмірхан Кеншімов осылай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

 «Су ресурстарын үнемдеу үшін екі бағытта жұмыс жүргізу қажет. Біріншіден, жер үсті суының 50 пайызға жуығы көрші елдерден келетіндіктен осы мемлекеттермен үнемі диалог жүргізуіміз қажет. Екіншіден,  еліміздегі су шаруашылықтарына жіті назар аударғанымыз орынды», дейді Ә.Кеншімов.

 Оның пікірінше, Қазақстандағы  суландыру жүйесін жетілдіру керек, ал ол үшін мемлекет шаруа қожалықтарына қаржы бөлгені дұрыс. Өйткені олардың қажетті шараларды шұғыл  қабылдауға қаражаттары жоқ.

Соңғы жаңалықтар