16:10 Астанада қала тұрғындарына берілетін ауыз судың қысымы көтерілді АСТАНА. ҚазАқпарат - Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек қалада ауыз судың су қысымы көтерілгенін жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
00:17 Алматының Наурызбай ауданында демалыс күндері суық су болмайды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алдағы демалыс күндері Алматының Наурызбай ауданына суық су уақытша тоқтатылады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 21:20 Қапшағайда суға батып бара жатқан жасөспірім құтқарылды Алматы облысы ТЖД Қапшағай су қоймасында жасөспірімнің құтқарылғанын мәлімдеді деп хабарлады ҚазАқпарат.
кеше 09:42 Алматының Наурызбай ауданында уақытша ыстық су болмайды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматының Наурызбай ауданына қарасты бірқатар тұрғын үйлер мен өзге де ғимараттар ыстық судан ажыратылады. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорны мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
кеше 01:45 Атыраудағы шағынаудандардың бірінде екі апта ыстық су болмайды АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау қаласындағы «Нұрсая» шағынауданындағы тұрғын үйлерде екі апта ыстық су болмайды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
08.06.2023 14:38 Державинск пен Ерейментауда су құбыры мен кәріз тораптары жаңартылады АСТАНА. ҚазАқпарат – Ақмола облысының әкімі Ермек Маржықпаев халықты сапалы ауыз сумен қамту үшін қандай жұмыстар жоспарланғанын айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 21:08 Павлодарда жасөспірім суға батып кетті ПАВЛОДАР. ҚазАқпарат – Павлодарда суға батып кеткен колледж студентінің денесі табылды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Pavlodarnews.kz сайтына сілтеме жасап.
07.06.2023 18:16 Көше жабылса, су келеді деп түсіну қате: Астана әкімдігі тұрғындарды сабырға шақырды АСТАНА. ҚазАқпарат – Астана қаласы Ішкі саясат басқармасының басшысы Дәурен Бабамұратов су тапшылығы мәселесіне байланысты қала тұрғындарының көлік жолдарын жабуына қатысты үн қатты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.06.2023 17:45 Қазақстан көрші елдердің су шаруашылығы саясатына тәуелді – Экология министрлігі АСТАНА. ҚазАқпарат - Осы жылдың желтоқсанында ел Үкіметі 3 көрші мемлекетпен «Трансшекаралық су объектілерін бірлесіп басқару және пайдалану туралы» келісімге қол қоймақ, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 17:04 Алдағы 6 жылда болуы мүмкін су тапшылығы елдің дамуына қауіп төндіреді АСТАНА. ҚазАқпарат - Су пайдалану деңгейі төмендемесе, 2029 жылға қарай су тапшылығы болуы мүмкін. Бұл елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына қауіп төндіреді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 16:33 Астанадағы су тапшылығы: Жеңіс Қасымбек Президентке жағдайды баяндады АСТАНА. ҚазАқпарат – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев елорданы сумен қамтамасыз ету туралы қала әкімі Жеңіс Қасымбектің баяндамасын тыңдады. ҚазАқпарат бұл туралы Ақордаға сілтеме жасап хабарлайды.
07.06.2023 16:05 Ауыл шаруашылығы мақсатына бағытталған судың 20%-ға жуығы ысырап болады АСТАНА. ҚазАқпарат – Магистральдық құбырлар арқылы ауыл шаруашылығы мақсаттарына бағытталатын судың 19,8%-ы ысырап болып отыр. Бұл туралы Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 15:34 Кейінгі 60 жылда Қазақстан аумағындағы өзендердің ағысы 12,5 текше шақырымға қысқарды АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгінде Қазақстан аумағындағы өзен ағысы 1960 жылдардағы көрсеткішпен салыстырғанда 12,5 текше шақырымға азайды. Мұндай деректер Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында келтірілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 15:28 Батыс Қазақстанда су тапшылығы мәселесі қалай шешіледі – министрлік ұсынысы АСТАНА. ҚазАқпарат – Экология және табиғи ресурстар министрлігі әзірлеген Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасында батыс өңірлердегі су тапшылығы проблемасын шешу жолдары ұсынылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 10:49 Елордалық құтқарушылар шомылу кезінде қауіпсіздікті сақтауға шақырады АСТАНА. ҚазАқпарат - Елордалық құтқарушылар судағы қауіпсіздікті сақтауға шақырады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
07.06.2023 10:21 Ертең Алматының Алмалы ауданында су болмайды АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Ертең Алмалы ауданында бір күн суық су болмайды. Бұл туралы «Алматы су» мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 09:38 Су ресурстары бойынша білім алуға ниетті талапкерлер үшін білім гранты көбейеді АСТАНА. ҚазАқпарат – Су саласында сұранысқа ие пәндер бойынша жоғары білім алу үшін білім беру гранттарының санын ұлғаяды. Мұндай бастама Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында көтерілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
07.06.2023 08:25 Алдағы 6 жылда елімізде 25 су қоймасы салынады – министрлік АСТАНА. ҚазАқпарат – 2029 жылға дейін Қазақстан бойынша 25 жаңа су қоймасын салынады. Бұл туралы Су ресурстарын басқару жүйесін дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдама-жобасында көрсетілген, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 21:03 Ауызсу проблемасы жуық арада шешіледі: Астана әкімі үндеу жасады АСТАНА. ҚазАқпарат – Осы айда елордада жаңа ауыз су станциясы іске қосылады. Ол тапшылықтың орнын толтырып, үйлерге жеткілікті көлемде су беруді қамтамасыз етпек. Бұл туралы Астана қаласының әкімі Жеңіс Қасымбек Instagram-парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
06.06.2023 20:24 Қарағандыда шомылуға барған бір топ жастардың бірі көз жұмды ҚАРАҒАНДЫ. ҚазАқпарат – Қарағанды қаласында 19 жастағы жігіт Федоров су қоймасына суға батып кетті. Бір топ жастар тыйым салынған жерде шомылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.