Су тоғанының жағасынан 50 жастағы әйелдің мүрдесі табылды - Ақмола облысы

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бурабай ауданындағы "Забой" су тоғанының жағасынан 50 жасар әйелдің мүрдесі табылды, деп хабарлады облыстық ІІД баспасөз қызметінен.

Бұл туралы Бурабай аудандық ІІБ кеше сағат 17:30 минут шамасында есімі белгісіз азаматша хабарлаған. Полицейлердің мәліметі бойынша марқұм болған әйелдің жасы 50-лерде. Шамасы суға тұншығып, көз жұмғанға ұқсайды.

Қазіргі кезде мүрде мәйітханаға жіберіліп, сот-медициналық сараптама жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ, марқұм болған адамның кім екені де анықталуда.

Соңғы жаңалықтар