+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Су – тауар емес, өмірлік ресурс екенін түсінетін уақыт келді – Ерлік Қаражан

2019 жылғы 15 қараша 14:59
Бөлісіңіз:
Су – тауар емес, өмірлік ресурс екенін түсінетін уақыт келді – Ерлік Қаражан

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат – Алматыда БҰҰ үйінде Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру мәселелері бойынша бірінші аймақтық саммит өз жұмысын бастады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
ЖЭО-2 немесе автокөлік: қаланы қайсысы көбірек ластайды 16 жастағы Грета Тунберг Time нұсқасы бойынша «Жыл адамы» атанды Алматы зообағындағы Алькор атты ақ аю 30-ға толды

Саммиттің күнтізбесінде су ресурстарын рационалды қолданудың, арзан электр энергиясының қолжетімділігі, климаттың өзгеруіне қарсы күрес шараларын қаржыландыру мәселесі қаралды.

Жобаның үйлестірушісі, ҚР Ұлттық экономика министрінің штаттан тыс кеңесшісі Ерлік Қаражан су ресурстарының тапшылығы кезек күттірмейтін мәселе екендігін айтты.

«Бүгін 2030 жылы болуы ықтимал проблема туралы айтып жатырмыз. Оған небәрі 10-ақ жыл қалды. Бұл сұрақ өте өзекті әрі күрделі. Климат қатты өзгеріп келе жатыр. Бұның салқыны Қазақстанға да тиері сөзсіз. Қазақстанда табиғи апаттардың саны арта түседі. 2020 жылға таман өзен сулары арнасынан тасығанмен одан кейін құрғақшылық басталады. Өйткені, мұздықтар еріп кетеді. Ауыл шаруашылығына үлкен қауіп төнеді. Осы сценарийді өзгерту үшін бүгін Орта Азия елдерінің өкілдері бас қосып отыр. Су ресурстарын қазіргі көлемде қолдана берсек, мұның арты тапшылыққа әкеледі», - деді Ерлік Қаражан.

Оның айтуынша, БҰҰ бастамасымен құрылған Тұрақты даму мақсаттарында осы бағытта бірнеше міндет межеленген.

Құжатта көрсетілген 12 мақсат, 169 міндет, 300 ұсақ индикаторды кез-келген мемлекет жауапкершілікпен орындауы тиіс.

«Қазақстан өздігінен ешнәрсе шеше алмайды. Тек Орта Азия елдерімен біріккен кезде ғана ортақ проблеманың шешімін табамыз. Ең алдымен су ресурстарының ортақ институционалды базасы құрылуы тиіс. Өйткені, Кеңес заманындағы зерттеу жұмыстары өзінің өзектілігін жойды. Су тауар емес, үнемдемеген жағдайда таусылатын ортақ ресурс екенін түсінетін кез келді. Әр мемлекет осыны түсінуі керек», - деді Ерлік Қаражан.

Халықаралық сарапшылар мемлекет, бизнес, әлемдік институттар арасындағы өзара ынтымақтастық аясында Тұрақты даму мақсаттарын қаржыландыру туралы тәжірибелерімен бөлісіп жатыр.

Саммит жұмысында Орта Азия өкілдері, экология, туризм, құрылыс саласындағы аймақтық сарапшылар қатысып жатыр.

Сонымен қатар, қазақстандық әріптестерімен пікір алмасуға Нобель сыйлығының лауреаты, Елші Рае Квон Чунг, Қазақстандағы БҰҰ тұрақты үйлестірушісі Норимас Шимомура, Қырғызстанның экс президенті Роза Отунбаева, Бүкіләлемдік банк өкілдері келді.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Гүлмира Ғосманәли

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT