Су тасқынының зардаптарын жою үшін 6,3 млрд теңге қаржы қажет - Мәлік Мырзалин

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көктемгі су тасқынының зардаптарын жою үшін 6,3 млрд теңге қаржы қажет. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметінде жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдерімен өткен баспасөз мәслихатында аймақ басшысы Мәлік Мырзалин мәлім етті, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

Аймақ басшысының айтуынша, көктемгі су тасқыны кезінде облыстағы 7 ауданының 34 елдімекеніндегі 839 тұрғын үй суда қалған.

Әсіресе, Атбасар ауданы қатты зардап шегіп, 650 астам нысан, оның 644-і тұрғын үй суда қалды. Оған қоса, көлік коммуникациясына айтарлықтай залал келген.

Табиғат апатының зардаптарын жоюға облыстық 513 миллион теңге қаржы бөлінсе, оның 189 миллион теңгесі зардап шеккендерге бір реттік жәрдемақы төлеуге жұмсалды.

«Соңғы 4 жылда Жабай өзенінің арнасынан асуы атбасарлықтардың тұрмысына кері әсерін тигізуде.  Сол себепті, аталмыш мәселені шешу үшін облыс әкімдігі тарапынан ҚР Үкіметіне Жабай өзенін бойлай қорғаныс бөгетін салу үшін техникалық сараптама комиссиясын құру туралы ұсыныс жасалды», - деді облыс әкімі.

Арнайы құрылған комиссия ағымдағы жылдың 9 маусымында Атбасар қаласында болып, Жабай өзенінің су басу қаупі жоғары аумақтарын зерттеген. Комиссия қорытындысы бойынша өзен жағасын бойлай үйілген топырақ төтенше жағдайды алдын алмақ.

Соңғы жаңалықтар