Су тасқынынан зардап шеккен Атбасарда қаланы қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Атбасарда су тасқынынан зардап шеккен қаланы қалпына келтіру жұмыстары қызу жүргізілуде. Бұл туралы облыс әкімінің баспасөз қызметінің жетекшісі Меруерт Палмаханова мәлім етті.

Оның айтуынша, бүгінгі күні облыс басшылығының алдында тұрған басты міндет - су тасқынынан зардап шеккен қаланы қалпына келтіру болып табылады. Осы мақсатта бірінші кезекте табиғат апатының құрбаны болғандарға гуманитарлық көмек көрсетілді. Мұқтаж жандардың барлығына дерлік құрылыс материалдары, минералды мақта, су эмульсиясы, еріткіш, сыр бояуы берілді. 36 отбасының үйлеріне ағымдағы жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін 188 қап цемент берілсе, көпбалалы отбасылар мен жалғыз басты аналарға және мүгедектерге тұрмыстық техникалар таратылды.

Атбасар қаласында су алған тұрғын үйлерге жүргізілген арнайы сараптама комиссиясының шешіміне сай 201 үй жарамсыз деп танылып, 357 үйдің күрделі жөндеу жұмыстарын қажет ететіні анықталды.

Атап өтсек, бүгінгі күні аудан әкімдігіне көмек сұрап барған 466 отбасына материалдық, 107 зардап шеккен азаматқа 4954,1 теңге көлемінде қаржылай көмек көрсетілген. Қазіргі уақытта аудан орталығында топан судан үйлері жарамсыз болып қалған тұрғындарға арналған төрт 45 пәтерлік үйдің құрылысы қызу жүргізілуде.

Сонымен қатар құдықтар тазартылып, су колонкалары және сумен жабдықтау желілері тексеріліп, жөнделген.

Соңғы жаңалықтар