Су тасқынынан зардап шеккен ақмолалықтар 50 млн теңгеге қайырымдылық көмек алды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ақмола облысында көктемгі су тасқынынан зардап шеккендерге барлығы 50 миллионнан астам теңгеге қайрымдылық көмек көрсетілді, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА тілшісі.

«Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің мәліметі бойынша, арнайы ашылған есепшотқа түскен қаржының бір бөлігі тасқын судан зардап шеккен Атбасар, Сандықтау, Целиноград және Астрахан аудандарына бөлініп отыр.

Жалпы, 2017 жылдың 20 сәуірі мен 7 маусымы аралығында «Қазақ тілі мен мәдениеті» қоғамдық бірлестігінің қайрымдылық есепшотына  90 миллион 123 мың теңге қаржы түскен.

Шығындар бойынша ұсынылған анықтамаларды және зардап шеккен аудандарға табиғи апат салдарын жоюға бюджеттен бөлінген қаражаттарды ескере, 30,5 миллион теңгені Атбасар ауданына, 7,6 миллион теңгені Сандықтау ауданына, 7,2 млн теңгені Астрахан ауданына, 10 миллион теңгені Целиноград ауданына бөлуді жөн көрдік» - деді комиссия төрағасы Мейрамбек Қиықов.

Сонымен қатар, қазіргі кезде қорда қалған 35 миллион 823 мың теңге қаржы бар. Оған қоса, тағы қосымша қаражат түсуде.

Еске сала кетейік, биылғы көктемгі су тасқыны кезінде Ақмола облысының Атбасар қаласында 454 үй су астында қалған болатын. Оның 36-сы бұзылса,  184 үй күрделі жөндеуді қажет етеді.

Сандықтау ауданында 257 тұрғын үй, Астархан ауданында 107 тұрғын үй, Целиноград ауданында 28 тұрғын үй зардап шекті.

Соңғы жаңалықтар