Су тасқынына байланысты Малайзияның барлық мектептерінде сабақ тоқтатылды

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Малайзия билігі орын алған қатты су тасқыны салдарынан ел аумағындағы барлық мектептердің сабақтарын тоқтатты.

Бұл туралы ТАСС хабарлайды.

БЕРНАМА ұлттық ақпарат агенттігінің хабарлауынша, білім мекемелері өз жұмысын тек бір аптадан кейін бастай алады.

«Осындай шараны қолданбасқа болмады, өйткені көптеген мектептер су тасқынынан зардап шеккендерді орналастыру пунктеріне айналды», - деп мәлімдеді Малайзияның вице-премьері Мухиддин Ясин.

Оның айтуынша, елдегі табиғи апат оқу мекемелерінің жақын уақытта қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік бермеуде.

«Су тасқынынан зардап шеккен ұстаздар, ата-аналар және оқушылардың өздеріне сабаққа тиісті түрде дайындалуы үшін уақыт керек. Ал мектептер мен олардың жақын аумақтары қалпына келтірілуі тиіс», - деп қосып өтті сондай-ақ бұл елдің білім министрі Я.Мухиддин.

Малайзияда жаңа оқу жылы алтыапталық қысқы демалыстан кейін 4 қаңтар күні басталуы тиіс еді, алайда елдегі төтенше жағдай билік өкілдерін жоспарларын өзгертуге мәжбүрледі. Қатты су тасқынының салдарынан елдің алты штатындағы 225 мыңнан астам адам өз үйлерінен кетті, тағы он мың жергілікті адам қаза тапқандар тізіміне енгізілді. Елдің бүкіл шығыс жағалауы мемлекеттің басқа аумағынан кесілді.

Соңғы жаңалықтар