+7 (701) 759 90 19
USD 426.99 EUR 514.35
RUB 5.72 CNY 65.96
Jańalyqtar

Су тасқыны: ҚР ТЖМ өңірлер бойынша жағдайды айтты

2021 жылғы 10 сәуір 16:59
Бөлісіңіз:
Су тасқыны: ҚР ТЖМ өңірлер бойынша жағдайды айтты

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Еліміздегі су тасқыны бойынша жағдай тұрақты. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми өкілі Талғат Уәли мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ұқсас жаңалықтар
Су тасқынынан зардап шеккендерге 43 млн теңгенің көмегі көрсетілді - СҚО Кіші Алматы мен Есентай өзендеріне су деңгейін өлшетін қондырғы орнатылады Алматыдағы нөсер жауын: Тасқынға қарсы жұмыстар жалғасуда

«Су тасқынына қарсы іс-шараларды жүргізу, көктем мезгіліндегі төтенше жағдайларды жою үшін Ақмола және Қостанай облыстарына Павлодар, Қызылорда облыстарынан қосымша күштер мен құралдар жіберілді. Жалпы Ақмола облысына Павлодар облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 19 адам, 2 техника, 8 су сору техникасы мен жабдығы жіберілді. Қостанай облысына Қызылорда облысы ТЖД-ның жеке құрамынан 27 адам, 2 техника, 2 жүзу құралы, 8 су сору техникасы мен жабдығы жіберілді. Бүгін таңертең Павлодар облысы ТЖД күштері мен құралдары Ақмола облысының Қараөткел ауылында авариялық-құтқару жұмыстарын жүргізуге кірісті», - деді Т.Уәли.

Ресми өкіл атап өткендей, өткен тәулікте көктемгі су тасқынының қауіп-қатерін азайту мақсатында Нұр-Сұлтан қаласының, Ақмола, Ақтөбе, Шығыс Қазақстан, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстарының аумақтарында жергілікті атқарушы органдар мен ТЖМ бөлімшелерінің күштері 574359,6 текше метр еріген қар суын сору жұмыстарын жүргізді.

Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарында 4309 метр су өткізу арналары мен арықтар тазартылды.

Ақмола, Қарағанды, Шығыс Қазақстан және Солтүстік Қазақстан облыстарында инертті материал салынған 7 мыңнан астам қап дайындалды және 4 мыңнан астам қап төселді.

Ақмола, Ақтөбе, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарының жергілікті атқарушы органдары елді мекеннен 16443 текше метр қар шығарды.

Мұз кептелісінің алдын алу мақсатында Қарағанды облысы Нұра ауданының Баршын және Кеңжарық ауылдық округтерінің аумағында үш учаскеде мұзды ұқсақтау жұмыстары жүргізілді.

Профилактикалық жұмыстарды жүргізуге жергілікті атқарушы органдардан, ТЖМ, ІІМ және әкімдіктерден 1097 адам, 333 техника, 74 мотопомпа мен 15 жүзу құралы жұмылдырылды.

«Өткен тәулікте қардың еруі салдарынан тұрғын үйлерді су басу фактілері тіркелген жоқ. Ақмола, Солтүстік Қазақстан, Қарағанды және Қостанай облыстарындағы жолдарда 12 рет судың тасуы болды», - деді Т.Уәли.

9 сәуірде сағат 20:00-де Шығыс Қазақстан облысы Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында Береговая және Гагарин көшелерін еріген қардың суы басу қаупі болды. 2021 жылғы 10 сәуір, сағат 09.00-дегі жағдай бойынша Бородулиха ауданы Новопокровка ауылында су деңгейі түсті. Қазіргі уақытта су кетіп, қауіп сейілді. Бұған дейін 9 сәуірде 36 адам эвакуацияланып, туыстарына орналастырылған болатын. Жұмыстарға барлығы ШҚО ТЖД-ның 37 құтқарушысы және 2 бірлік техника, 1 жүзу құралы және 4 мотопомпа, Семей қаласы № 68303 әскери бөлімінің 19 әскери қызметшісі және 4 бірлік техника, жергілікті атқарушы органдардың 30 қызметкері және 15 бірлік техника жұмылдырылды. 400 дана қап төселді. ШҚО ТЖД құтқарушылары мен жергілікті атқарушы органдар ауылдағы жағдайға мониторингіні жалғастыруда.

Ақмола облысының Қоянды ауылындағы су астында қалған 3 үйде ТЖД бөлімшелері мен жергілікті атқарушы органдар еріген қардың суын сору жұмыстарын жүргізуде. Су астында қалған үйлердің 10 тұрғыны, оның ішінде 4 бала Нұр-Сұлтан қаласы мен Қоянды ауылындағы туыстарының үйлеріне орналастырылды.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:
Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059

MURAǴAT