Су тасқыны кезінде жолдардың шайылып кетпеуін қатаң бақылау керек – Смайылов

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Әлихан Смайылов су тасқыны кезінде жолдардың шайылуын болдырмауды тапсырды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Тағы бір маңызды мәселе – тасқын кезінде жолдардың шайылып кетуі мен бұзылуы. Мысалы, Қарағанды облысының тұрғындары жыл сайын жолдың шайылып кетуінен Нығман кентімен қарым-қатынас қиынға түседі деп шағымданады», - деді Әлихан Смайылов.

Премьер-Министрдің дерегінше, ауыл тұрғындары азық-түлік пен дәрі-дәрмек қорын алдын-ала дайындап алуға мәжбүр.

«Мұндай жағдай болмауы тиіс. Әкімдік бұл проблеманы түпкілікті шешуі қажет. Осыған байланысты Индустрия министрлігі мен өңір әкімдері жолдардың, көпірлер мен су өткізу бекеттерінің су тасқынына дайындығын қамтамасыз ету үшін жедел шаралар қабылдауы керек», - деді Үкімет басшысы.


Фото: primeminister.kz


Соңғы жаңалықтар