+7 (701) 759 90 19
USD 419.66 EUR 500.44
RUB 5.62 CNY 64.73
Jańalyqtar

Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды

2021 жылғы 23 ақпан 12:32
Бөлісіңіз:
Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Су тасқыны кезінде 61 мың адамды эвакуациялайтын пойыз дайындалды. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Қостанай облысының су тасқыны кезеңіне дайындығын ТЖД қызметкерлері тексерді Су тасқынына дайындық: ШҚО-да құтқарушылар оқу-жаттығу өткізіп жатыр «Көктем-2021» республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығуы өтуде


«61 мың адамды эвакуациялауға 1 713 локомотив, 1 603 вагон дайындалды. Сондай-ақ, арнайы техникасы бар 84 қалпына келтіру және өрт сөндіру пойызы дайын. Қазіргі уақытта 2 975 текше метр кесек тас және 8 250 дана стандартты емес темірбетон шпалдары дайындалған. Техниканың және материалдардың дайындығы – 100 пайыз», - деді министр.

Оның айтуынша, «2021-2023 жылдарға арналған су тасқындарының алдын алу және жою бойынша іс-шаралар кешені» жол картасы аясында министрлікте 1 іс-шара қарастырылған.

«Ол Қарағанды облысында Көкпекті-Қарағайлы учаскесінде Қарасор көлін айналып өтетін темір жолын салуға қатысты. Қазіргі таңда Министрлік аталған жобаны іске асыру мәселесін пысықтап жатыр. Жалпы су тасқыны кезеңіне дайындық жұмыстары министрліктің арнайы бақылауында тұр», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Ербол Жанат
Ербол Жанат
954-059
REDAKTOR
Айдар Оспаналиев
Айдар Оспаналиев
954-059

MURAǴAT