Қолданушы баптаулары
Қолданушы баптаулары
+7 (701) 759 90 19 Лента
USD 386.91 EUR 428.81
RUB 5.79 CNY 54.79
Jańalyqtar

Су тасқыны қаупі: Сағынтаев облыс әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді

2019 жылғы 12 ақпан 11:53 975
Бөлісіңіз:
Су тасқыны қаупі: Сағынтаев облыс әкімдеріне нақты тапсырмалар жүктеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет отырысында Премьер-Министр Бақытжан Сағынтаев су тасқыны қаупіне байланыс әкімдерге бірқатар нақты тапсырма жүктеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазгидрометтің болжамы бойынша кейбір өзендерде ылғал қоры нормадан асып тұр. Қар әлі де жауып жатыр. Оның үстіне қазір болжамдардан көріп отырмыз, ақпанның үшінші онкүндігінде ауа температурасы көтеріледі деп күтілуде. Осыған дайын болумыз қажет. Сол себепті әкімдерге бірқатар тапсырма бар. «Бірінші -тасқын қаупінің алдын алу және жою бойынша жол картасын сапалы қамтамасыз ету. Жұмысты үйлестіру Ішкі істер министрлігіне жүктеледі», - деп атап өтті Үкімет басшысы.

Екіншіден, Б.Сағынтаев әкімдерге иесіз гидроқұрылғыларды коммуналдық меншікке беру жұмыстарын аяқтауды тапсырды.

«Үшінші - су қорғау аймақтары мен белдеулерінде тұратын адамдар мен нысандарды қауіпсіз жерге көшіру. Төртінші Ішкі істер министрлігі әкімдермен бірлесіп, су тасқыны маусымына күштер мен құралдардың толық дайындығын, қауіп төнген жағдайда халықты уақытылы хабардар етуді қамтамасыз ететін болсын. Төтенше жағдай болғанда шұғыл шара қолдану қажет. Бұл мәселелердің барлығы Асқар Ұзақбайұлы Сіздің бақылауыңызды», - деді Бақытжан Сағынтаев бірінші орынбасары Маминге қарата.

 

 

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059

MURAǴAT