Су тасқыны: Елорда іргесіндегі Қоянды кентіндегі жағдай тұрақтанды

None
None
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Целиноград ауданының Қоянды ауылында Ақмола, Павлодар облыстарының және Нұр-Сұлтан қаласының құтқарушылары, сондай-ақ жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері еріген қар суын сору бойынша апаттық-құтқару жұмыстарын жүргізуде, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ақмола облыстық ТЖД баспасөз қызметінің мәліметінше, құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде. Осының нәтижесінд Қоянды ауылында су тасқыны жағдайы тұрақталды.

«Қазіргі таңда апаттық-құтқару жұмыстарына 50 адам, 12 техника және 10 мотопомпа жұмылдырылды. Сонымен қатар, Целиноград ауданының Талапкер, Қараөткел, Арайлы, Қаражар, Қызылжар, Ақмол, Қосшы, Қабанбай батыр, Қосшы, Қызылсуат және Жарлыкөл кенттерінде де еріген қар суын сору жұмыстары қолға алынып отыр», - деді ведомстводан.

Қоянды ауылында ағымдағы жылдың 5 сәуірінен бастап 750763 текше метр еріген қар су сорылды, сондай-ақ, 5200 метр су бұру арналары мен арықтары тазартылды.

Еске салсақ, бұған дейін елорда маңындағы Қоянды кентіндегі үйлерді су басқаны туралы бұған дейін хабарлаған болатынбыз.



Соңғы жаңалықтар