Су тасқыны: Батыс Қазақстанның Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды

None
Фото: Бәйтерек ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі
ОРАЛ. ҚазАқпарат – Көктемгі су тасқынына байланысты Бәйтерек ауданында төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Бәйтерек ауданы әкімдігінен түскен мәліметке қарағанда, ауа райының күрт жылынып, қардың қарқынды еруіне байланысты өзен сулары көтерілді. Судың сіңбей, жайылып кетуіне жердегі тоңның терең болуы да әсер етті.


Соның салдарынан көптеген тұрғынның үйлеріне су кіру қаупі төнді. Елді мекендер арасында жол қатынасы бұзылды. Мысалы, Шалғай ауылдық округінде тасқын су жолды шайып кетті. Сонымен қатар Достық, Дариян ауылдарында су ұңғымаларына топан су кіріп, осы елді мекендерде тұратын 3 500-ден астам адамның таза ауыз алуы күрделенді.

Осындай күрделі жағдайды ескере отырып, аудан әкімі Марат Тоқжанов аудан аумағында жергілікті ауқымдағы табиғи сипаттағы төтенше жағдай жариялау туралы шешім қабылдады.

Қазіргі кезде осы шешімге сәйкес тиісті іс-шаралар атқарылуда.


Еске сала кетейік, бұдан бұрын Батыс Қазақстан облысындағы Бөрлі ауданында төтенше жағдай жарияланғанын жазған болатынбыз.

Сондай-ақ Орал қаласында төтенше жағдай жарияланды.

БҚО-ның тағы бір ауданында төтенше жағдай жарияланды.

Батыс Қазақстанда ауылға су кіріп, 44 адам эвакуацияланды.

БҚО-да республикалық жолды су шайып кетті.

БҚО-да су шайып кетуіне байланысты тағы бір республикалық жол жабылды.


Соңғы жаңалықтар