Су тасқыны: Алматы облысының Қайназар ауылында жағдай ушыға түсті

None
None
ТАЛДЫҚОРҒАН. ҚазАқпарат - Алматы облысындағы Қайназар ауылында қызыл су бүтін бір ауылға жайылып жатыр. Бұл оқыс оқиға жайлы аталған елді мекеннің тұрғындары қоңырау шалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

 «Сағат 14:00 ден бері жағдай қиындап кетті. Жоғары жақтан аққан су ауылымызға жайылып жатыр. Мамандар жұмыс істеуде,  бірақ үлгермей жатыр. Қызыл су үйлерге де кіре бастады. Жаңа ғана бір отбасының үйіне су кіріп, олар далада қалды. Жалпы ауылымызда шамамен 5 мыңнан астам тұрғын тұрады»,- дейді қайназарлық Марат Баисов.

«Оқушылар сабаққа қатынайтын кішкентай көпірді алып тастады. Қазір балаларымыз мектепке айналма жол арқылы қатынауда», - дейді тағы бір тұрғын  Ақмарат Ибрагимова.

 Ал Алматы облыстық ТЖД баспасөз қызметінің өкілі Азамат Жұртбаев Жамбыл ауданына қарасты Қайназар ауылында тиісті жұмыстар атқарылып жатқанын мәлім етті.

«Арықтарды тереңдету, тазалау, аулалардан суды шығару жұмыстары жүріп жатыр. Жергілікті орган және құтқару қызметінен жалпы 15 адам осы жұмыстарға жұмылдырылған. Келген судың көлеміне сай болмағандықтан ауылдағы кішкентай көпірді алып тастады. Шамамен 50 аулаға су жайылған», - деді А.Жұртбаев.

Соңғы жаңалықтар