Су тасқыны: Әлихан Смайылов Төтенше жағдайлар мен Экология министрліктеріне бірқатар тапсырма берді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – 1 айдан кейін су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асырылу барысы Үкіметте тағы қаралады. Бұл туралы Премьер-Министр Әлихан Смайылов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Гидротехникалық құрылыстардың жай-күйі ерекше алаңдаушылық тудырады. Экология министрлігі тек республикалық құрылыстардың ғана жөндеу жұмыстарын ескереді. Коммуналдық және жеке су қоймалары, бөгеттер көптеген жылдан бері назардан тыс қалып келеді. Сондықтан Экология министрлігі өңір әкімдерімен бірлесіп, қараусыз нысандардың меншік иелерін анықтауы әрі коммуналдық және жекеменшік гидротехникалық құрылыстарды жөндеу іс-шараларын әзірлеуі керек. Қазірден бастап су қоймаларын толтыру көлемін анықтап, оған үнемі бақылауды қамтамасыз ету қажет. Қажеттілік туындаған жағдайда су қоймасынан суды уақытылы әрі қауіпсіз ағызу іс-шараларын қабылдаған жөн», - деді Әлихан Смайылов Үкімет отырысында.

Сонымен қатар ол Қазгидромет көктемге арналған болжам деректерін уақытылы ұсынуы тиістігін баса айтты.

«Жалпы, Төтенше жағдайлар министрлігі мүдделі мемлекеттік органдармен және әкімдіктермен бірге су тасқынына қарсы барлық іс-шараны үйлестіріп, сапалы жүзеге асырылуын қамтамасыз етуі тиіс. Сонымен қатар Экология министрлігімен бірлесіп, шекаралас мемлекеттермен трансшекаралық өздендердің су шығыны мен туындайтын қауіп-қатерге қатысты мәліметтерді үнемі алмасып тұруды ұйымдастыруы қажет. Өңір әкімдерімен бірге тиісті жедел штабтарды құру, күштер мен құралдарды дайындау, су тасқыны қатері туындаған жағдайда халықты дер уақытында құлақтандыру іс-шараларын қамтамасыз етуі керек. Бүгін айтылған іс-шараларды іске асыру мәселесін бір айдан кейін тағы да қарайтын боламыз», - деді Үкімет басшысы.


Фото: primeminister.kz

Соңғы жаңалықтар