Су тасқыны-2022: Қарағандылық құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде
2022 жылғы 4 сәуір 14:42

Су тасқыны-2022: Қарағандылық құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істеуде

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Қарағанды облысының елді мекендерінде және жолдарында су тасқынына байланысты күрделі жағдайлар жоқ. Құтқарушылар тәулік бойы жұмыс істейді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Мамандардың пікірінше, аймақтағы су тасқыны жағдайы наурыз айының соңында қатты жауын-шашынмен және температураның күрт көтерілуімен байланысты. 31 наурыз бен 4 сәуір аралығында ТЖ департаментінің облыстық су тасқынына қарсы штабына аула аумақтарын су басу қаупі туралы 125 хабарлама, сондай-ақ автожолдарда су тасқыны бойынша 18 хабарлама келіп түсті.

Облыстық ТЖД басшысы Мұрат Қатпанов Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн-брифингте су тасқынының салдарын жою шаралары туралы хабарлады.

«Аулаларды су басудың барлық жағдайлары бойынша суды сору және бұру, арықтар мен каналдарды тазарту, инертті материалдарды төгу және қаптар төсеу бойынша жұмыстар жүргізілді. Су тасқыны басталғаннан бері 31 693 текше метр су сорылып, 1700 метр арық тазартылды. Су басу қаупінің 11 жағдайы бақылауда, оның тоғызы Қарағандыда және екеуі Бұқар Жырау ауданында», – деді Мұрат Катпанов.

Сондай-ақ, автожолдар арқылы су тасқыны жедел жойылады. Облыс жолдарындағы екі учаске – Бүркітті – Егіндібұлақ – Қоянды және Теміртау – Қызылқайың (Чкалова – Берязники) басты назарда. Қоянды ауылынан 12 шақырым жерде көлік қозғалысы барлық көлік түрлері үшін жабық.

Құтқарушылар Нұра, Есен, Жарлы, Сабыр-Қожа, Жаманкөл өзендерінде және Қарасор көлінде 14 жарылыс жұмыстарын жүргізді. Ірі су қоймаларынан ағызу жалғасуда.

Су тасқынына қарсы күреске 250-ден астам адам және 106 бірлік техника жұмылдырылды.

Құтқарушылар ескертеді: 4-11 сәуір аралығында облыстың барлық аумағында температура көтеріледі, ал 6-7 сәуірде жаңбыр жауады. Тұрғындар өз аумақтарында алдын алу шараларын жүргізуі керек. Арықтар мен аулаларды қардан тазарту.

Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Вадим Басин тұрғындардан балаларға ерекше назар аударуды сұрады.

«Барлық ата-аналардан балалардың үйден шығуын, қар еруі аяқталғанға дейін қараусыз жүруін шектеуді сұраймын. Оларды судың жанында ойнауға қатаң тыйым салу қажет. Қалада және барлық елді мекендерде көптеген арналар бар, олардың мақсаты бойынша олар әрқашан ашық. Қазір олар суға толы», – деді Вадим Басин.

Қазіргі уақытта облыстың барлық аудандарындағы су тасқыны қаупі бар 158 елді мекен бақылауға алынды.

Төтенше жағдайлар қаупі төнген немесе туындаған жағдайда қарағандылықтардан 112 немесе (8-7212) 43-36-36, 43-37-37 телефонына қоңырау шалуды сұрайды.


Jańalyqtar

MURAǴAT