Су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елімізде су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Поездардың үздіксіз және қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету, жолдарды, ғимараттарды уақтылы дайындау мақсатында «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының бұйрығы бекітілген. Онда су тасқыны кезінде жол қауіпсіздігін, жолдың және ғимараттардың тұрақты жұмысын қамтамасыз етудің ұйымдастыру-техникалық іс-шаралары қарастырылған. Аумақтық ұйымдармен бірлесіп, су қоймаларының жайы, агротехникалық дамбалар тексерілуде. Сондай-ақ, күрделі жағдай туындаған жағдайда төтенше жағдайлар жөніндегі облыстық құрылымдарымен өзара әрекет ету жұмыстары жүргізілуде», - деді ол.

Министрдің айтуынша, өткен жылдардың талдауына сәйкес, тасқын суларды өткізу бойынша барлық аумақтарда 673 қауіпті жердің тізімі анықталған. Су тасыған кезде тәулік бойы жауапты тұлғалардың кезекшілігі ұйымдастырылады. Олар қауіпті жерлерді айналып, қосымша тексеріп шығады.

«Көпірлердің, құбырлардың, дренажды құдықтардың тесіктерін қардан тазалау, тауды және су бұрғыш арықтарды, науаларды және кюветтерді ашу бойынша дайындық жұмысы басталды. Кесек тастар, рельсті пакеттер, стандартты емес темірбетон шпалдар тиелген су тасқанына қарсы 45 пойыз жасақталып жатыр», - деді Бейбіт Атамқұлов.


Соңғы жаңалықтар