Су спорты түрлерінен АЧ: Қазақстан қоржыны тағы төрт медальмен толықты

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Үндістанның Бенгалуру қаласында су спорты түрлерінен өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы Азия чемпионатында қазақстандық спортшылар тағы төрт медаль жеңіп алды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

ҚР Ұлттық олимпиадалық комитеті хабарлағандай, жарыстың екінші күнінде қазақстандықтар төрт медаль жеңіп алды.

Атап айтсақ, кешенді эстафетада Кирилл Любимов, Арсен Қожахметов, Руслан Синицын және Михаил Царев күміс жүлдегер атанды.

Ал 50 метрге брасс әдісімен жүзуде София Әбубәкірова екінші орын алса, ерлер арасында Арсен Қожахметов қола жүлдеге қол жеткізді. Кроль әдісімен 50 метрге жүзуде Михаил Царев қола медаль алды.

Естеріңізге сала кетейік, осыған дейін, яғни жарыстың алғашқы күнінде қазақстандықтар үш қола медаль жеңіп алғаны туралы хабарлаған едік.

Сондай-ақ, жарыс барысында техникалық ақауға байланысты үзіліп қалған Әнұранымызды жас қыздарымыз ары қарай өздері айтып, жанкүйерлердің ыстық ықыласына бөленгенін де атап өткен болатынбыз.

Соңғы жаңалықтар