Су, шоколад, қалам: ҰБТ-ға не алып кіруге болады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев ұлттық бірыңғай тестілеуге кіру талаптарын тағы бір рет түсіндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

«Әлі күнге дейін ҰБТ тапсырушылардан «өзіммен бірге калькуляторды ала келсем бола ма?» деген сұрақ келіп жатыр. Сондықтан бұл туралы ҰБТ алдында тағы бір мәрте естеріңізге сала кетейін. Тестілеуге жеке куәлік, қалам, су және шоколадтан басқа ешнәрсе алып кіруге болмайды», -деп жазды орталық директоры әлеуметтік желіде.

Оның айтуынша, тестілеу компьютерінде математика, математикалық сауат, физика, химия, информатика, география, биология пәндері бойынша электронды калькулятор бар.

Сондай-ақ, компьютер экранына Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелері, Бекетов қатары орнатылған.

«Ал түлектердің қалауы бойынша Менделеев және тұздар ерігіштігі кестелерінің қағаз нұсқасын өзіміз шығарып, қолдануға береміз. Оның бәрі сіздерге ыңғайлы болуы үшін, алайда академиялық адалдық туралы да ұмытпаған жөн»,-дейді Руслан Емелбаев.

Еске сала кетейік, кеше Қазақстанда негізгі ҰБТ басталды. Ол 5 шілдеге дейін жалғасады.


Соңғы жаңалықтар