Су ресурстарын тиімді басқару Орталық Азиядан тыс жерлермен де өзара іс-қимылды талап етеді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Су ресурстарын тиімді басқару Орталық Азиядан тыс жерлермен де өзара іс-қимылды талап етеді. Бұл туралы Азиядағы өзара ықпалдастық және сенім шаралары кеңесі хатшылығының атқарушы директоры Қайрат Сарыбай айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Жаһандық климаттың өзгеруі тұрғысында су ресурстарын тиімді және әділ басқару мәселелері бассейн елдерімен әрі Орталық Азиядан тыс жерлермен бірегей ден қоюды, сондай-ақ тиімді өзара іс-қимылды талап етеді. Энергетикалық және азық-түлік қауіпсіздігі мәселелері де олармен тығыз байланысты. Көші-қон ағындарын басқару, кедейшілікпен күресу, сыртқы экономикалық көмекті тарту және керісінше осындай көмек көрсетудің барлығы көпжақты шеңберде жақсы үйлестіруді талап етеді және біздің ұйым оны қамтамасыз ете алады», - деді Қайрат Сарыбай елордада өтіп жатқан І Орталық Азия медиафорумында.

Осы ретте ол ұйымның 6-саммиті Астанада өткеніне тоқталды.

«Онда екі маңызды құжат қабылданды. Олар: АӨСШК-нің жаһандық терроримзге қарсы стратегиясын жүзеге асыру және ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы қауіпсіздік саласындағы ынтымақтастық жөніндегі іс-қимыл жоспары. Сіздер АӨСШК қауіпсіздік пен инновацияға қатысты дәстүрлі түсінігін де көре аласыздар», - деді хатшылықтың атқарушы директоры.


Соңғы жаңалықтар