Су ресурстары комитетінің құзіретін кеңейту ұсынылды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Су ресурстары комитетіне қосымша құзырет берілуі мүмкін.

Бұл туралы аталған органның ережелерін бекіту бойынша ашық талқыға шығарылған министрлік бұйрығында жазылған, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құжатта көрсетілгендей, енді комитеттің құзыретіне мына міндеттер кіреді:

елді мекендерден тыс жерлерде су қорын пайдалану және қорғау, сумен жабдықтау және су бұру саласында жергілікті атқарушы органдарды үйлестіруді және оларға әдістемелік басшылық жасауды жүзеге асырады;

су қорғау аймақтары мен белдеулерінің шекараларын, оларда және ерекше қорғалатын су объектілерінде шаруашылық қызметтің белгіленген режимінің сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

су тұтыну және су бұру лимиттерінің сақталуын бақылайды;

су жинау құрылыстарын, су шаруашылығы жүйелері мен су қоймаларын пайдалану қағидаларының сақталуын бақылауды жүзеге асырады;

су объектілерінен алынатын және оларға ағызылатын су көлемің бастапқы есебін жүргізудің дұрыстығына, суды тұтыну мен ағызуды есепке алу үшін жабдықтар мен аппаратураларды мемлекеттік аттестаттау мерзімдерінің болуына, жарамды жай-күйіне және сақталуына, су пайдаланушылардың есептілік белгіленген мерзімдерінің сақталуына бақылауды жүзеге асырады.

Сонымен бірге, ведомство азаматтардың су объектілерін өз бетінше пайдалануына жол бермеу шараларының орындалуын қадағалайды. Қосымша комитет су объектілерін реконструкциялау, техникалық қайта жарақтандыру мен қорғауды қамтамасыз ететін нормаларды бақылауға міндеттеледі.


Соңғы жаңалықтар