Су құйылған ыдысқа түсіп кеткен 2 жасар бала тұншығып өлді

None
None
ТАРАЗ. ҚазАқпарат - Жамбыл облысында 2 жасар бала су құйылған ыдысқа түсіп кетіп, тұншығып өлген, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА облыстық ТЖД баспасөз қызметіне сілтемемен.

«Оқиға Жамбыл облысы Жасөркен елді мекенінде болған. Үйдің ауласында ата-анасының қарауынсыз қалған екі жасар бала су толы ыдысқа түсіп кетіп, тұншығып өлген. Балланың денесін оның әке-шешесі тауып алған», - деп мәлім етті облыстық департаменттен.

Ведомствоның мәліметі бойынша, облыстағы тоғандарда 2018 жылдың басынан бері 8 қайғылы оқиға тіркелген. 7 кісі суға батып кеткен боса, оның төртеуі - бала. Қайғылы жағдайлар Жамбыл, Шу және Жуалы аудандарында тіркелген. 

Соңғы жаңалықтар