Су добынан ҚР құрамасы әлемдік лига аясында жеңіске жетті

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Австралияның Перт қаласында су добынан өтіп жатқан Интерконтинентальды турнирде Қазақстан ерлер құрамасы жартылай финалға өтті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

ҚР Ұлттық Олимпиадалық комитетінің ақпаратына сәйкес, ширек финалда қазақстандықтар Оңтүстік Африка Республикасының құрамасын 14:8 есебімен жеңді.

Ертең өтетін жартылай финал матчында Қазақстан мен Жапония құрамалары кездеседі.

Еске сала кетейік, Азия ойындарының финалында Қазақстан Жапонияны бір доп айырмасымен жеңіп, чемпион атанған болатын.

Соңғы жаңалықтар