Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азиадада алтын медальді олжалады

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан Қазақстан ерлер командасы Азия ойындарының чемпионы атанды деп хабарлайды ҚазАқпарат Olympic.kz-ке сілтеме жасап.  

Жапония құрамасымен өткен аса тартысты кездесуде қазақстандықтар 8:7 есебімен жеңіске жетті. 

Біздің команда сапынан Михаил Рудай мен Евгений Медведев мергендігімен танылды. Олар тиісінше үш және екі доптан соққан. 

Ватерполшылар Қазақстан қоржынына Азиаданың 15-ші алтынын салып отыр.


ФОТО: Сали Сабиров. Қазақстан ҰОК баспасөз қызметі

Соңғы жаңалықтар