Су добынан Азия чемпионаты: Қазақстан әйелдер құрамасы Сингапурды жеңді

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан Азия чемпионатында Қазақстан әйелдер құрамасы екінші жеңісіне қол жеткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстандық спортшылар үшінші кездесуінде Сингапур құрамасынан 18:9 есебімен басым түсті. Олар бұдан бұрын Оңтүстік Кореяны 25:5 есебімен жеңіп, одан кейін Қытайға 5:16 есебімен есе жіберді.

Енді қазақстандық спортшылар 11 қарашада Жапония, 12 қарашада Таиландпен кездеседі.

Турнир кестесінде ел құрамасы төрт ұпаймен үшінші орында келеді. Алғашқы екі орында Қытай мен Жапония тұр.

Ал еліміздің ерлер құрамасы бүгін Иранға 10:11 есебімен есе жіберді. Олар бұдан бұрын Таиландты 15:4, Үндістанды 17:4 есебімен жеңді.

Ел құрамасы енді 11 қарашада Оңтүстік Кореямен шеберлік байқасады.


Фото: catherineasquithgallery.com

Соңғы жаңалықтар