19:32, 17 Шілде 2019 | GMT +6
Су добы: Қазақстан жігіттері Аустралиядан жеңіліп қалды
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында еліміздің ерлер құрамасы екінші кездесуінде Аустралиядан жеңіліп қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Естеріңізге сала кетелік, ерлер құрамасы В тобында сынға түсіп жатыр. Қарсыластары - АҚШ, Хорватия және Аустралия құрамалары.
Бүгінгі күнге дейін олар испан ватерполшыларынан 7:16 есебімен жеңіліп қалған еді . Жігіттер әлем чемпионатында 7 мәрте бақ сынап жатыр. Әзірге ең жоғары жетістігі ретінде 1998 жылы 11 орын алғаны саналады. Енді біздің жігіттер 19 шілдеде 19 шілдеде Хорватиямен кездеседі. Бүгін В тобындағы тағы бір кездесуде Хорватия АҚШ-ты 17:7 есебімен жеңді.
Сондай-ақ, әлем чемпионатында еліміздің қыздар құрамасы да екі кездесу өткізіп үлгерді. Қыздар алдымен Кубадан 9:6 есебімен басым түсіп, одан кейін Испаниядан 8:16 есебімен жеңіліп қалды. Енді қыздар 18 шілдеде Грекиямен шеберлік байқасады.