+7 (701) 759 90 19
USD 383.95 EUR 429.26
RUB 6.16 CNY 55.02
Jańalyqtar

Су добы: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниядан сүрінді

2019 жылғы 15 шілде 21:12
Бөлісіңіз:
Су добы: Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында Испаниядан сүрінді

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында өтіп жатқан су добынан әлем чемпионатында ерлер құрамалары алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Конькимен жүгіруден әлем кубогында Қазақстан командасы үздік үштікке енді Жамбылда биыл 170-тен астам спорт алаңшасы салынуда Оралда дзюдодан Оралбек Қожагелдинді еске алуға арналған республикалық турнир өтуде

Оған біздің жігіттер де қатысып жатыр. Қазақстан құрамасы В тобында сынға түседі. Қарсыластары - АҚШ, Хорватия және Австралия құрамалары. Біздің ватерполшылар бүгін алғашқы кездесуін Испанияға қарсы өткізді. Ойында испандар 16:7 есебімен жеңіске жетті. Енді біздің жігіттер 17 шілдеде Австралиямен шеберлік байқасады. Австралия бүгін Хорватиядан 4:14 есебімен сүрінді.

Жігіттер әлем чемпионатында 7 мәрте бақ сынап жатыр. Әзірге ең жоғары жетістігі ретінде 1998 жылы 11 орын алғаны саналып отыр.

Естеріңізге сала кетелік, кеше 14 шілдеде су добынан Қазақстан қыздар құрамасы Кубадан 9:6 есебімен басым түсті . Енді олар 16 шілдеде Испаниямен ойнайды. Қазақстандық қыздар әлем чемпионатына алтыншы мәрте қатысып жатыр. Олар 2001 жылы сегізінші орын алды. Бүгінгі күнге дейін одан жоғары жетістікке жеткен жоқ.

Айта кетсек, 12 шілдеде Оңтүстік Кореяның Кванджу қаласында су спорты түрлерінен әлем чемпионаты басталды. Дүбірлі дода 28 шілдеге дейін созылады. Әлем чемпионатында суға секіру, хай-дайвинг, ашық су айдынындағы суға жүзу, суға жүзу, синхронды жүзу, су добынан жарыстар өткізіледі.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Басты сөздер: Спорт,
Бөлісіңіз:

Автор:

Әділжан Үмбет

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059
REDAKTOR
Жарылқасын Саягүл
Жарылқасын Саягүл
954-059

MURAǴAT