Су добы: Азия чемпионатына еліміздің ерлер және әйедер құрамалары қатысады

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Су добынан еліміздің ерлер және әйелдер құрамасы Таиландта өтетін Азия чемпионатына қатысады, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Құрлықтық дода биылғы жылдың 7 және 14 қараша аралығында өтеді. Онда ерлер арасында 11, әйелдер арасында 7 құрама бақ сынайды деп жоспарланып отыр.

Ерлер арасында Таиланд, Өзбекстан, Иран, Қытай, Сингапур, Кувейт, Жапония, Гонконг, Оңтүстік Корея, Үндістан және Қазақстан өзара шеберлік байқасады.

Ал әйелдер арасында Таиланд, Өзбекстан, Қытай, Сингапур, Жапония, Оңтүстік Корея және Қазақстан жүлделерді сарапқа салады.

Бұл Жапонияның Фукуоке қаласында өткізілетін әлем чемпионатына іріктеу сатысы болмақ.

Еске салсақ, биыл су добынан әлем чемпионатында еліміздің әйелдер құрамасы 11-орын алды.



Соңғы жаңалықтар