Су басу қаупі жоғары өңірлер белгілі болды

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Бүгін Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Юрий Ильин еліміздің қай өңірінде су тасқыны болуы мүмкін екендігін айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Ағымдағы жылдың 25 сәуіріндегі жағдайға сәйкес, Солтүстік Қазақстан облысының аумағындағы Есіл өзені айрықша назар аудартып отыр. Бүгінгі күні Сергеев су қоймасына келіп жатқан су тасқынының екінші толқыны 1 метр 32 сантиметрді құрайды», - деді ол.

Оның атап өтуінше, қазіргі уақытта «Челябі-Новосібір» республикалық маңызы бар автомобиль жолының үстінен су өтуіне байланысты көлік қозғалысына шектеу енгзіліген.

Сондай-ақ, ол Павлодар облысы арқылы өтетін Ертіс өзеніне қатысты ахуалмен бөлісті. Вице-министрдің айтуынша, өзен бойындағы 9 елді мекен төтенше жағдайлар қызметінің жіті бақылауына алынған.

Соңғы жаңалықтар