Су басқан кезде қауіпсіз жерге көшірілген Восточный кентінің тұрғындары үйлеріне оралып жатыр - ШҚО

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат - Шығыс Қазақстан облысының Восточный кентінде су деңгейінің төмендеуі байқалып, тұрғындар үйлеріне оралуда. Бұл туралы ШҚО ТЖД-нен хабарланды.

Жарылыс жұмыстарын жүргізуден кейін жағалаулар қалпына келтірілуде, деп хабарлады бүгін ШҚО ТЖД Твиттерде.

Бұған дейін Семейдегі Ертіс өзенінің Семипалатинка ағысындағы сеңнің тоқтауы салдарынан Восточный кентіндегі аулалық учаскелерді су басқаны туралы хабарланған болатын.

30 тұрғын үйдің аулалық учаскелер мен кіреберістік жолдарды су басуы салдарынан ШҚО ТЖД өрт сөндірушілері мен құтқарушылары 48 адамды қауіпсіз жерге көшірді. Оларды «Семей» (50 орын) және «Құрылысшы профилакторийі» (50 орын) қонақүйлеріне уақытша орналастыру үшін арнайы екі пункт ашылды. 7 тұрғын үйдің 8 тұрғыны қауіпсіз жерге көшірілуден бас тартты. Қаза тапқандар мен зардап шеккендер жоқ.

Қалалық ІІБ қызметкерлерімен бірлесіп Семей қаласында қоғамдық тәртіпті бақылау бекеттері қойылды.

Апатты жоюға 23 техника мен 198 адам жұмылдырылған. Семей қаласының гарнизоны және ШҚО ТЖД қызмет жүргізудің күшейтілген режіміне көшірілді. Кризистік орталық, бақылау штабы ашылды. Су деңгейін бақылау үшін ШҚО ТЖД-нің 18 адам мен 2 техникасы бар 4 бекет , Семей қалалық ІІБ-ның 28 адам мен 6 техникасы тартылған 13 бекет құрылды.

Соңғы жаңалықтар