Су басқан Astana IT University өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Бүгінгі нөсерден ғимаратын су басқан елордадағы «Astana IT University» өкілдері жағдайға қатысты түсініктеме берді. ҚазАқпарат тілшісінің сауалына жауап берген оқу орынның баспасөз қызметі әлеуметтік желілерде тараған видеодағы су басқан нысанның университетке тиесілі екенін растады.

«Қазіргі уақытта оқу орны «QazExpoCongress» АҚ-ға тиесілі ғимараттың бір бөлігінде орналасқан. Видеода көрсетілген аудитория - университеттің әскери кафедрасы. Ол орын студенттерді оқытуға арналмаған. Оған қоса, каникулға байланысты қазір университетте сабақтар өткізілмейді. Бүгінде оқу орны мен «QazExpoCongress» бірлесіп, су басқан жерлерді қалыпына келтіру бойынша жұмыстар жүргізіп жатыр «, - деп мәлім етті университеттің баспасөз қызметі тілші сауалына орай.

Университет жаңа оқу жылы басталғанға дейін қалпына келтіру жұмыстарын аяқтап, студенттерді қабылдайтынын жеткізді.

Айта кетейік, бүгін толассыз жауған жаңбыр салдарынан елорданың EXPO ауданындағы бірнеше ғимаратты су басып қалған еді. Олардың арасында «Hilton Astana» қонақ үйі де бар.


Видеодан алынған кадр



Соңғы жаңалықтар