Су арналарын «бір аудан – бір кәсіпорын» қағидаты бойынша ірілендіру ұсынылды

Фото: None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – «Бір аудан – бір кәсіпорын» қағидаты бойынша су арналарын ірілендіру керек. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Салынған су құбыры желілері іс жүзінде әкімдік теңгерімінде қалады не болмаса білікті мамандары мен арнайы мамандандырылған техникасы жоқ кәсіпорындар мен ұйымдарға беріліп жатады. Әкімдіктердің ақпаратына сәйкес, 275 ауылда сумен жабдықтау желілеріне әкімдіктер қызмет көрсетсе, 335 ауылда бұл жұмыс бейімделмеген кәсіпорындардың қарамағында», - деді министр.

Оның атап өтуінше, дәл осы жайт су желілердің тез арада тозуына әкеп соғады және қайта қалпына келтіру үшін қосымша шығынды талап етеді.

«Осыған байланысты су желілеріне тиісті қызмет көрсету үшін «бір аудан – бір кәсіпорын» қағидаты бойынша су арналарын ірілендіру ұсынылады. Бұл шара көрсетілетін қызмет сапасын және жұмыс тиімділігін арттыруға мүмкіндік береді», - деді Қайырбек Өскенбаев.


Соңғы жаңалықтар