+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Студенттерге ЖОО ақысын төлеуге жеңілдетілген несие берілуі мүмкін

2020 жылғы 27 мамыр 13:23
Бөлісіңіз:
Студенттерге ЖОО ақысын төлеуге жеңілдетілген несие берілуі мүмкін

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жастарды жоғары біліммен қамтамасыз ету үшін оларға жеңілдетілген несие беруді ұсынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Президент коронавирусқа қатысты ахуалды жақсартуға Үкіметке екі апта берді Бүгін Президенттің төрағалығымен Үкіметтің кеңейтілген отырысы өтеді ҚР Президенті экономикалық өсімді қалпына келтіруге «Астана» ХҚО-ны жұмылдыруды тапсырды

«Ең маңызды мәселе - жоғары білімнің қолжетімді болуы. Мемлекеттік білім гранттарын бөлу жүйесінде ауқымды әлеуметтік құрамды қарастыру керек деп санаймын. Яғни, үміткердің оқу жетістіктеріне ғана емес, оның әлеуметтік-экономикалық жағдайына да назар аудару керек», - деді Мемлекет басшысы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің онлайн форматтағы 3-отырысында.

Сонымен бірге, Президент қолдау көрсетудің бірнеше жолын ұсынды.

«Аз қамтылған отбасылар үшін, азаматтар мен жастардың әлеуметтік әлсіз санаттары үшін грант санын көбейту мәселесін қарастыру керек. Жоғары білім ақысын төлеу үшін жеңілдетілген несие беру - қолдаудың тағы бір түрі болар еді. Үкіметтен, сондай-ақ Ұлттық кеңес мүшелерінен осы мәселе бойынша өз ұсыныстарын беруді сұраймын», - деді Қ. Тоқаев.

Айта кетейік, ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың төрағалығымен Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің үшінші отырысы өтіп жатыр. Кезекті отырыс адами капиталды дамытуға, атап айтқанда, білім беру, денсаулық сақтау мәселелеріне арналған.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Айжан Серікжанқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT