+7 (701) 759 90 19
USD 423.87 EUR 505.25
RUB 5.59 CNY 64.43
Jańalyqtar

Студенттер жоғары шәкіртақыны қандай жағдайда алады

2019 жылғы 4 мамыр 18:22
Бөлісіңіз:
Студенттер жоғары шәкіртақыны қандай жағдайда алады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - ҚР Білім және ғылым министрі Күләш Шәмшидинова студенттердің шәкіртақысын көтеру жоспары туралы айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Шәкіртақыны 30 пайызға дейін көтеру әлеуметтік тапсырысты орындау арқылы жүргізілуде. Бұл тұрғыда волонтерлік қозғалысқа қатысты болып тұр, яғни репетиторлықта көмек көрсететін, қарттар үйлерінде, балалармен жұмыс істейтін, сондай-ақ басқа да салаларда әрекет ететін студенттер қамтылмақ», - деді министр елордадағы көпбалалы аналармен кездесу барысында.

Сонымен қатар, ведомство басшысы оқу бағдарламаларын өзектілендіру тақырыбына тоқталды.

«Қазіргі кезде бірінші кезекте ІТ-саласына, робототехника, балалардың фунционалдық сауаттылығына екпін қойылып отыр. Атап айтқанда, баланың өз білімін жұмысында пайдалана білуі маңызды. Ал кәсіби-техникалық оқу орындары мен ЖОО-ларда оқу бағдарламаларын өзектілендіру - ол еңбек нарығының талабы», - деді К. Шәмшидинова.
null

Бұл тұрғыда биылдан бастап заңнама бойынша ЖОО-ларда бакалавриаттың 80 пайызына дейін, магистратураның 90 пайызға дейін және докторантураның 95 пайызына дейін дербес өздерінің оқу бағдарламаларын қайта қарай алады.

«Ал колледждерге қатысты біз осы жұмыстарды қазіргі кезде атқарудамыз. Осы орайда басты мақсат - ол дуальды оқыту, яғни кәсіпкерлерді біздің оқу бағдарламаларына көбірек тарту», - деді министр.

Естеріңізге сата кетейік, жыл басында Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Үкіметке волонтерлікпен айналысатын ЖОО студенттерінің шәкіртақысын 30 пайызға арттыруды тапсырды.

Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Руслан Ғаббасов

Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Жанибек Амангелди
Жанибек Амангелди
954-059
REDAKTOR
Жанат Қапалбаева
Жанат Қапалбаева
954-059
REDAKTOR
Үмбет Шолпан
Үмбет Шолпан
954-059

MURAǴAT