Студенттер саны өссе де, білікті мұғалім саны артқан жоқ - Ерлан Сыдықов

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – 2016 жылы елімізде 477 мың студент болса, 2018 жылы бұл сан 542 мыңға жеткен. Бұл туралы ҚР ЖОО Ректорлар кеңесі төрағасы Ерлан Сыдықов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылдың аяғында еліміздегі білім және ғылымды дамытудың алдағы бес жылға арналған мемлекеттік жоспары қабылданды. Бұл жоспар аясында бұрын-соңды болмаған дәрежеде үлкен қаражат бөлініп отыр. Ендігі мақсат –бөлінетін қаржыны тиімді пайдаланып, ғылым мен білім дәрежесін қалай көтеру керектігін шешу. Осы тұрғыдағы кешенді шаралардың бірі ретінде ҚР Білім және ғылым министрлігінің басшылығы Елбасының және Президенттің тапсырмасына орай ЖОО санын азайту мәселесінталға қойып отыр. Бұл дұрыс бастама, себебі жұмыс беруші адамның ұлтына, азаматтығына емес, біліктілігіне қарайды», - Ерлан Сыдықов Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте.

Ол санның сапаға айналатын кезі келгенін айтты.

«1999 жылы әлемде 90 млн. адам студент болса, 2019 жылы 200 млн. студент болды. Студенттердің саны арту тенденциясы Қазақстанда да бар. 2016 жылы елімізде 477 мың студент болса, 2018 жылы бұл сан 542 мыңға жеткен. Осы студенттерге сабақ беретін білімді, білікті мұғалімдердің саны артты ма? Артты деп айта алмаймыз», - дейді ол.


Соңғы жаңалықтар