+7 (701) 759 90 19
USD 412.55 EUR 465.73
RUB 5.79 CNY 58.91
Jańalyqtar

Студенттер, медқызметкерлер: Атырау облысында коронавирустың жаңадан 6 жағдайы анықталды

2020 жылғы 30 наурыз 02:55
Бөлісіңіз:
Студенттер, медқызметкерлер: Атырау облысында коронавирустың жаңадан 6 жағдайы анықталды

АТЫРАУ. ҚазАқпарат – Атырау облысында коронавирус індетіне шалдығудың жаңадан 6 оқиғасы тіркелді. Барлығы өңірде 12 науқас анықталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Коронавирусқа бөлінген қаржыны флеш-мобқа емес, дәрі-дәрмекке жұмсау керек еді - Айгүл Соловьева Атырау облысында 278 медицина маманы жетіспейді Атырау облысында дәріханалардың жұмыс уақыты өзгерді

Денсаулық сақтау басқармасынан мәлім еткендей, соңғы анықталған 6 науқастың екеуі – 25 және 50 жастағы әйел адамдар. Олар 21 наурыз күні «Нұр-Сұлтан-Атырау» бағытындағы пойызбен келген. Айта кетейік, осы пойызбен коронавирус инфекциясы анықталған бойжеткен де келген болатын. Ол 27 наурызда ауруханаға жатқызылды.

Тағы екі адам - «Алматы-Атырау» авиарейсімен келген 14 жастағы қыз баламен байланыста болғандар. Олар – 21 жастағы қыз бен жігіт, екеуі де студенттер.

Соңғы екі адам – Атырау қалалық №3 емханасының медицина мамандары. 46 және 47 жастағы қызметкерлер індетті жұқтырған әйел адаммен байланыста болған.

«Қазіргі уақытта науқастар оқшауланды және емдерін қабылдауда. Олармен қарым-қатынас жасаған адамдарды іздестіру жұмыстары жүргізілуде», - деді басқармадан.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Мира Төлендіқызы

Загрузка...
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
Сондай-ақ... оқыңыз
Загрузка...
ONLAIN QYZMETKERLER
REDAKTOR
Кожакелдиев Е.
Кожакелдиев Е.
954-059
REDAKTOR
Гүлмира Алякпарова
Гүлмира Алякпарова
954-059
REDAKTOR
Бакытжан Ербасов
Бакытжан Ербасов
954-059

MURAǴAT