Студенттер колледж шеберханасында жасаған қолөнер бұйымдарын сата алады - министрлік

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Оқу-ағарту министрлігі ұйымдастырған онлайн-брифингте Техникалық және кәсіптік білім департаментінің басшысы Алтай Рахимберлин студенттер колледж шеберханасында дайындаған қолөнер бұйымдарын сата алатынын айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Өткен жылы заңнамаға өзгеріс енгізілді. Енді техникалық және кәсіптік білім алып жатқан студенттер қандай да бір сала бойынша колледж қабырғасындағы шеберханаларда жасаған бұйымдарын, тауарларын сата алады. Атап айтқанда, дәнекерлеу ісі, қолөнер бағытында, жиһаз жасау немесе шаштараз, қызмет көрсету мамандығында оқитын студенттер өздерінің қызметтерін ақылы түрде көрсете алады. Қазіргі таңда еліміз бойынша 444 мемлекеттік колледж жұмыс жасаса, оның 97-сінде оқу-өндірістік шеберханалары бар», - деді департамент басшысы.

Брифингіде Алтай Рахимберлин 2025 жылға дейін еліміздегі барлық колледждерде білім алу тегін болатынын айтты. Бұл жүйе кезең-кезеңімен енгізілмек.

Сондай-ақ, академиялық дербестік берілген колледждерде білім алу мерзімі қысқарады.


Соңғы жаңалықтар