Студенттер елдегі жаппай ереуілдерге қатысты ма – министрлік жауабы

None
None
НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Елде болған жаппай тәртіпсіздіктерге студенттер қатысты ма? Бұл сұраққа ҚР Білім және ғылым министрлігі жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім департаментінің директоры Әділет Тойбаев жауап берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Бізде студенттердің жаппай тәртіпсіздіктерге қатысқаны туралы ресми дерек жоқ. Каникул кезі болғандықтан студенттер жатақханада болған жоқ, үйлеріне қайтып кеткен. Сондықтан олардың қатысқаны немесе қатыспағаны туралы бізде ақпарат жоқ. Жатақханаларда 5 мыңға жуық студент тұрып жатты, олар - негізінен шетел студенттері», - деді Әділет Тойбаев орталық коммуникациялар қызметінде онлайн өткен баспасөз мәслихатында.

Бұған дейін еліміздің 3 республикалық маңызды бар қаласында мектеп оқушыларының қашықтан оқитыны туралы хабарлаған едік.


Соңғы жаңалықтар