USD 434.24 EUR 492.69
RUB 5.67 CNY 68.46
Jańalyqtar

Жұмыс істеп жүрген студенттер 42 500 теңге алуына болады

2020 жылғы 13 сәуір 12:21
Бөлісіңіз:
Жұмыс істеп жүрген студенттер 42 500 теңге алуына болады

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат - Жұмыс істеп табыс тауып жүрген студенттер де 42 500 теңге әлеуметтік төлем ала алады. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Ұқсас жаңалықтар
Сенатор әскери қызметшілерді әлеуметтік қорғауды күшейтуді ұсынды

«Студенттер әлеуметтік төлем ала ма деген де сұрақ келіп жатыр. Бұл ретте студенттер деген бөлек санат жоқ. Себебі ол - еліміздің кәмелеттік жасқа толған азаматы. Еңбек заңына сәйкес, 16 жастан бастап жұмыс істеуге болады. Шәкіртақы алатындығына, алмайтындығына қарамастан жұмыс істеуіне еш кедергі жоқ. Ондай шектеу де қойылмайды», - деді министр.

Оның атап өтуінше, студенттердің басым көпшілігі оқу процесіне кедергі келмейтін уақытта жұмыс істеп жүр.

«Мейрамханаларда даяшы, дүкендерде сатушы болып жұмыс істейтіндер бар. Олар ресми және бейресми жұмыс істеп жүр. Сондықтан студенттерге жалпы барлық азаматтарға бірдей тәртіп қарастырылады. Егер ресми жұмыс істесе, жұмыс беруші береді. Ал өз бетінше ақша тауып жүргендер болса, өтініш берулері қажет. Бірақ, одан бір күн бұрын бірыңғай жиынтық төлемді төлеуі керек. Сол кезде әлеуметтік төлем алады. Біз шәкіртақы алатындығын не алмайтындығын тексеріп жатпаймыз», - деді Біржан Нұрымбетов.


Біздің каналымызға жазылыңыз:

Бөлісіңіз:

Автор:

Марлан Жиембай

Ұқсас жаңалықтар
Сондай-ақ... оқыңыз
Пікір қалдыру
+7
Жіберу
ONLAIN QYZMETKERLER

MURAǴAT