Студент тамақ жеткізетін курьер қызметін атқаратын дрон робот жасап шығарды

None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Сулеймен Демирел атындағы университеттің 4 курс студенті Бексұлтан Айтен курьерлердің қызметін алмастыратын дрон ойлап тауып, жас миллионер атанды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Ғылым және жоғары білім министрлігінің мәліметінше, бұл дрондар тапсырыс берушіге бургер, пицца, донер сияқты фаст-фудты тез арада жеткізе алады.

Қазір оның дрондарына кәсіпкерлер қызығушылық танытып отыр.

Инженерлік және жаратылыстану факультетінің студенті Бексұлтан Әйтенде алты түрлі дронның прототипі бар, сол дрондарды сатумен де айналысады.

Ол роботтарды СДУ технопаркінде құрастырып, сол жерде цифрлық технология саласындағы жобаларын да жарыққа шығарды.

Енді алдағы уақытта әскери мақсатта қолдануға болатын робот дрондарды жасағысы келеді.

Сондай-ақ Бексұлтан робототехниканы үйренуге арналған білім жинақтарын шығаруды жоспарлап отыр.

Оның айтуынша, соның арқасында балалар өз бетінше керемет технологияларды ойлап таба алады.


Фото: gov.kz

Соңғы жаңалықтар