Student’s book: еліміздегі ең беделді ұйымдарда жұмыс істеу үшін не істеу керек

None
АСТАНА. ҚазАқпарат – Ресми статистика бойынша, қазақстандық түлектердің 40 %-дан астамы өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Жұмыс берушілер тәжірибелі қызметкерлерді алғысы келеді, ал студенттер тәжірибені қайдан алу керектігін білмейді. Студенттерге бұл мәселені жеңілдету үшін Президент іс басқармасының инженерлік орталығы жаңа цифрлық құрал әзірлеп, еліміздегі ең беделді ұйымдарда тағылымдамадан өтуге мүмкіндік ашты. Student’s Book деп аталатын қызмет биылғы көктемде іске қосылды, бірақ қазірдің өзінде нәтижесін көрсетуде. ҚазАқпарат шолушысы бұл жобаның студенттер мен жұмыс берушілер үшін қандай пайдасы бар екенін анықтады.

Неліктен студенттер өз мамандығы бойынша жұмыс таба алмайды?

Кез-келген студенттің мақсаты – білім алып, тәжірибе жинап, жақсы жұмысқа орналасу. Ал кез-келген HR-маманының мақсаты - өз компаниясы үшін сауатты әрі білікті кадр табу.

Алайда, жұмыс берушілер көбінесе тәжірибелі қызметкерлерді алғысы келеді, ал студенттер онсыз жұмысқа қабылдамаса, қажетті тәжірибені қайдан алуға болатынын білмейді. Нәтижесінде қиындыққа тап келіп, уайымға батады.

Сондықтан да болар, еліміздегі жастардың 40 пайыздан астамы жоғарғы оқу орнын бітіргеннен кейін өз мамандығы бойынша жұмысқа орналаса алмайды. Дипломмен қандай да болсын тәжірибе жинау үшін басқа салаларға барады. Осы тәсілдің нәтижесінде бір мамандықты меңгеруге 4 жыл уақытын арнаған жастар алған білімін жоғалта бастайды және көбінесе жұмыс жолын өзгертуге шешім қабылдайды.

Осыған байланысты, Парламент Сенатының төрағасы Мәулен Әшімбаев жұмыс орындарын құру және жастар тәжірибесіне бағытталатын бюджет қаражатын пайдалану жөнінде мәселе көтерді.

«Тәуелсіз ұйымдар жүргізген сауалнамаға сәйкес, 25-29 жас аралығындағы топтың 12%-ының тұрақты жұмысы жоқ. Жоғары білімі бар қазақстандық жастардың 40 %-дан астамы мамандығынан тыс жұмыс істейді. Осыған байланысты жұмыс орындарын құруға және жастар тәжірибесіне бөлінетін бюджет қаражатын пайдаланудың тиімділігіне қатысты сұрақтар туындайды», - деді Мәулен Әшімбаев ағымдағы жылдың мамыр айында өткен «Жаңа Қазақстан: жастар және жаңғыру» тақырыбындағы парламенттік тыңдауда.

Қазақстандық студенттер тәжірибеден қалай өтеді?

Еліміздегі кейбір ұйымдар барынша ашық және өздерінен тәжірибеден өтуді ұсынады. Бұл, негізінен тәжірибеден өткендер кейін жұмысқа келуі мүмкін екенін түсінетін компаниялар. Студенттердің мүмкіндігінше тәжірибе жинап, дайын маман болуы үшін университеттер де бұған қызығушылық танытады. Сондықтан ЖОО-лар мен академиялар студенттерді тәжірибе немесе тағылымдамадан өтуге жіберу үшін ұйымдармен өзара меморандум жасасады.

Алайда, көбінесе студенттер үшін тәжірибеден өтетін ұйымдарға таңдау аз (оқу орнымен меморандум жасалған ұйымдар ғана). Сондықтан олардың қайда жібереді, сол жерден тәжірибеден өтуіне тура келеді. Жастар ол ұйым туралы біле бермейді және болашақта онда жұмысқа орналасамыз деп есептемейді. Бұл студенттердің қызығушылығын төмендетіп, тәжірибеге немқұрайлы көзқарасын қалыптастырады.

Student’s book – тәжірибені тікелей таңдау мүмкіндігі

Президент іс басқармасы бұл мәселеге басқа қырынан қарауды ұсынды. Басқарма құрылымында сауатты әрі білікті қызметкерлердің жұмыс істеуіне қамқорлық жасай отырып, ұйым мұндай кадрларды іс жүзінде нөлден бастап оқыту және тәрбиелеу үшін жағдай жасау туралы шешім қабылдады.

Ол үшін студенттерге QR-код арқылы тікелей ұйымға тағылымдамадан немесе тәжірибеден өтуге өтініш жіберуге мүмкіндік беретін цифрлық Student’s book құралы әзірленді.

Қызмет студенттерге бағыт-бағдар беру үшін және жобаның өздеріне арналғанын түсінуі үшін осындай атау алды. Цифрлық құрал Президент Іс Басқармасының ведомстволық бағынысты ұйымы «МТҚБ материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасының Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК-да жасалды.

Student’s book - өте қарапайым әрі қолдануға ыңғайлы. Ол үшін QR-кодын оқып, тәжірибеден өту, тағылымдамадан өту немесе тәжірибеден өтіп, кейін жұмысқа орналасу батырмаларын таңдап, сауалнаманы толтыру жеткілікті.

Сауалнаманы толтыру да барынша қарапайым, тек жеке деректер мен өмірбаян қажет, оны еркін түрде жазуға болады.

Сонымен қатар, өтінім көп құжат жинау мен бюрократияны айналып өтіп, тікелей кадрлар бөліміне түседі.

Бұл әдіс әлеуетті үміткерлерді ынталандыруды көздейді. Қызмет биылғы наурыз айында ғана іске қосылғанымен, қазірдің өзінде жақсы нәтиже көрсетіп үлгерді.

Алғашқы тәжірибе

Іске қосылғаннанбастап, қараша айының соңына дейін жобаға 116 өтінім келіп түсті, оның ішінде 25-тен астам студент тәжірибеден өтіп үлерді, ал екі студент 2022 жылдың қыркүйегінде тұрақты жұмысқа қабылданды.

«МТҚБ Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК директоры (қызмет осы жерде әзірленді) Асқар Құсайынов мұндай сервисті құру кезінде ұйымның алдына қойған бірінші кезектегі мақсаты - елдің жетекші жоғары оқу орындарының неғұрлым перспективалы студенттері қатарынан ПІБ үшін кадрлық резерв қалыптастыру, сондай-ақ жас ұрпаққа кәсіби мамандардан тәжірибе жинауға, өзін көрсетуге және мүмкін команданың бір бөлігі болып кетуіне мүмкіндік жасау болғанын айтты.

Сервистің инженерлік орталықта әзірлену себебі - орталық қарқынды дамып келе жатқан IT саласының білікті мамандарына үнемі іздеу салады. Инженерлік орталық цифрландырумен және Парламент қызметін қамтамасыз етумен айналысады (Парламенттің веб-сайты, МТҚБ сайты және депутаттар мен қызметкерлердің жұмысына күнделікті көмектесетін көптеген басқа ішкі жүйелер). Яғни, орталық күн сайын өзгеріп тұратын жоғары технологиялармен жұмыс істейді.

«Біздің орталықта IT-мамандар еңбек етеді. ІТ-нарықтың толып кеткеніне қарамастан, орталыққа көбінесе бір саламен айналысатын мамандар қажет немесе керісінше, бірнеше бағытта жұмыс істей алатын кең профильді мамандар керек», - деді Асқар Құсайынов ҚазАқпарат тілшісіне берген сұхбатында.

Шынында да, IT нарығы маманға кенде емес, дегенмен бұл кадрларға сұраныс жыл сайын артып келеді. Бұл бәсекелестіктің күшейе түскенін білдіреді. Ал өз ісінің нағыз мамандарын табу қиындап барады.

Сондықтан орталық мұндай кадрларды тәжірибеге шақыра отырып, нөлден бастап тәрбиелеу тиімдірек деген қорытындыға келді. Тәжірибеден өтуші болашақта жұмысқа қабылданбаса да, бізден алған тәжірибесімен басқа ұйымдардың біріне жұмысқа орналаса алады.

Айта кетерлігі, орталықта кадр тәрбиелеу идеясы осыдан үш жыл бұрын туған. Student’s book сервисінің әзірлеушісі, дамыту және техникалық қызмет көрсету қызметінің басшысы Руслан Ғазизов студенттерді тәжірибеге өз бетінше шақырды. Үш жыл ішінде 60 студентті тәрбиелеп, олардың ішіндегі ең мықтысын орталыққа жұмысқа қабылдауға ықпал еткен. Ал қалғандары тәжірибе жинап, басқа кәсіпорындарға жұмысқа орналасқан.

Оның айтуынша, команданың сервисті әзірлеу кезінде алға қойған басты мақсаты - студенттерге тапсырманы жеңілдету болды.

«Мен өзім де бір кездері студент болдым, жұмысқа тұру қаншалықты қиын болғаны есімде. Барлығы тәжірибелі қызметкерді қалайды. Сондықтан үш жылдан бері біз өз ұжымымызда студенттерді оқытып келеміз, біздегі мақсат – өзіміз үшін жақсы мамандар даярлау. Және нөлден бастап үйрету - қайта үйретуден әлдеқайда жеңіл. Өйткені, дәл осы студенттер қандай да бір тәжірибе жинақтағаннан кейін бізге келуі мүмкін, бірақ мүлде басқа тәжірибемен. Немесе бізге келмеуі мүмкін, ондай жағдайда білікті мамандарды жолықтырмай қалуымыз өкінішті болар еді», - деп бөлісті Руслан Ғазизов.

Осылайша, Student’s book барлық тараптар пайдасын көретін қызметке айналды. Студенттер барлық жерде талап етілетін тәжірибені алады, ал жұмыс берушілер олардың қайдан келгенін білетін және ұйымның құндылықтарымен бөлісетін жоғары сапалы мамандардың талантты қорын иеленеді.

Инженерлік орталыққа Student’s book арқылы барлығы 64 өтініш түсті, оның ішінде 15 студент нақты тәжірибеден өтті. Student’s book арқылы тұрақты жұмысқа орналасқандардың екеуі инженерлік орталыққа әзірлеуші ретінде қабылданды.

Негізі, жоба инженерлік орталықта жүзеге асырылды. Оның табыстылығының нәтижесінде басшылық жобаны ауқымды етіп, оған қатысу үшін ПІБ-ның барлық ведомстволық бағынысты ұйымдарын – 24 ұйымның 19-ын (6 ұйым қажеттілік болмағандықтан қызметке қатыспайды) тарту туралы шешім қабылдады.

Енді студенттердің ПІБ-ынан өндірістік тәжірибеден өтіп, оның ұйымдарына жұмысқа тұру мүмкіндігі бар.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының клиникалық ауруханасы» АҚ

«Оқжетпес» емдеу-сауықтыру кешені» АҚ

Өтініштер қалай таңдалады

Бүгінгі күні Student’s book нағыз жұмыс құралы болып саналады. Еліміздің барлық аймағынан кез келген студент өтініш бере алады.

«МТҚБ Инженерлік орталығы» ШЖҚ РМК қызметкерлерді басқару бөлімінің басшысы Ләззат Құсайынова өтінімдердің қалай толтырылатыны және іріктелетіні туралы айтып берді.

«Біз әрбір өтінімді кезек тәртібімен қарастырамыз. Сауалнамада студенттердің өз қасиеттерін көрсету бойынша ешқандай шектеу жоқ. «Өмірбаян» бағамында сіз өзіңіз туралы еркін түрде айта аласыз. Бұл студенттерге жұмыс берушіге тілегін жеткізуде бірқатар артықшылықтар береді. Бұл - өзінің мықты жақтарын көрсетудің бірден-бір мүмкіндігі», - деп атап өтті Ләззат Құсайынова.

Ол ұйымдардағы орындарға байланысты барлығын қабылдауға тырысатынын айтты.

Студенттер қандай бағыттарды таңдайды

Student’s book-ке түскен 116 өтініштің ішінде келесі мамандықтар сұранысқа ие болып шықты.

Сервисті әзірлеушілер бұл тек бастамасы деп есептейді, әрі қарай біз кеңсенің барлық ұйымдарында қосымшаларды көп көретін боламыз. Өйткені, кез келген бос орынға (инженерлер, дәрігерлер, журналистер, жүргізушілер, механиктер және т.б.) үміткерлер таласуға болады.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының ауруханасы» ШЖҚ РМК

«Қазақстан Республикасы Президентінің Телерадиокешені» КЕАҚ журналистері

Ұйым QR-кодты жоғары оқу орындарына таратып, жобаны студенттердің әртүрлі қауымдастықтарында таныстырады.

Жұмыс берушілер тәжірибеден өтушілерді қалай бағалайды?

ҚР ПІБ ведомствосына бағынысты «Орталық клиникалық аурухана» АҚ ұйымына 12 өтінім келіп түсті, оның 10-ы мақұлданды, 1-еуі қаралып жатыр.

«Орталық клиникалық аурухана» АҚ Инновация және білім беру орталығының маманы Әлібек Полатбеков тәжірибеден өтушілерді жоғары бағалайды.

«Келген студенттердің барлығы білімді. Біздің жағдайда, әрине, оларды студент деп айту қиын, өйткені олар - дәрігерлік біліктілігі бар мамандар. Біреуі қазірдің өзінде ғылыми жұмыс жазып жатыр», – дейді Әлібек Полатбеков.

Оның айтуынша, бұл қызметтің пайдасы ұшан-теңіз.

«Біріншіден, бізде жұмыс істейтін әлеуетті қызметкерлерді табамыз. Екіншіден, осылайша біз еліміздің медициналық жоғары оқу орындарымен әлдеқайда тығыз байланыс орнатамыз. Бұған дейін біз қаладағы үш медициналық ЖОО-мен ғана ынтымақтастық орнатсақ, енді өңірлердегі басқа да медициналық жоғары оқу орындарының студенттерін тарта аламыз», - деп түсіндірді аурухананың инновациялық білім беру орталығының маманы.

«ҚР ПІБ Медициналық орталығының клиникалық ауруханасы» АҚ

Student ’ s book – өмірге жолдама

Student' s book арқылы «МТҚ инженерлік орталығына» жұмысқа орналасқан кіші әзірлеуші Бекасыл Қаражан бұл өзі үшін серпіліс болғанын атап өтті.

«Жалпы,қазір ғана оқу орнын бітірген маман үшін жұмыс іздеудің өзі стресс. Мен жұмыс көп іздедім. Соңғы сұхбаттасудан кейін қатты қиналғаным есімде. Жұмыс іздеуге қанша күш жұмсаймын, бірақ бәрі бекер болып шығады. Мен, тіпті мамандығымды өзгертуді де ойладым. Үйдегілер де қатты уайымдады. Бір күні интернеттен қосымша тауып алдым, бірден өтініш бердім, ертеңіне жауап келді. Бірден практикаға кірістім. Екі айдан кейін жұмысқа қабылдандым», - деді Бекасыл Қаражан.

Ол оқытудың қалай өткенін де айтып берді.

«Қобалжуыма себеп те болған жоқ. Ұжым керемет, барлығы көмектесуге тырысты. Жалпы, ұжымда жұмыс істеу тәжірибесі болмаған студенттің үнемі күдігі мен уайымы басым болады. Ал бірінші осындай тәжірибе сіздің осы мамандықта қалу-қалмауыңызды анықтайды. Менің жағдайымда бәрі ойдағыдай болды», – дейді Бекасыл Қаражан.

Қазіргі уақытта студенттің толыққанды тәжірибеден өтуі - үлкен жетістік. Кейбір компаниялардың басшылығы баға жетпес тәжірибе бергендіктен тәжірибе үшін студенттер мен университет төлеуі керек деп есептейді. Бірақ елдегі ең беделді ұйымдардың бірінде жұмыс істеу мүмкіндігін алу – өмірге алған жолдама болар еді.


Соңғы жаңалықтар